Меню

Страницы

Статья

«Пробация Үйінің» жұмысы туралы 

Катонқарағай ауылында "Пробация үйі" өкілдерінің №2 пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен кезекті жұмыс кездесуі өтті. «Пробация үйі" жұмысына аудан прокурорының көмекшісі Ғабитұлы Мирас, "Антарис" А " өңірлік қоғамдық қорының өкілдері Соломин С. А., психолог А.Забирова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л.Тоқсанова, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Елюбаева, №2 пробация қызметінің аға инспекторы Ж. Қасенов, № 2 Катонқарағай ауданаралық ауруханасының медбикесі А. Таирова қатысты.

Міндетті медициналық сақтандыру туралы заңнама бойынша, аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек көрсету, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың бірыңғай жиынтық төлемді аударуы туралы, пробациялық есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін көзделген жұмыс орындарының квотасы туралы  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Л. Тоқсанова сөз сөйледі. "Бастау Бизнес" бағдарламасы аясында шағын несие беру,жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандары туралы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С. З. Елюбаева сөз сөйледі.

"Антарис "А" аймақтық қоғамдық қорының өкілі Сергей Анатольевич Соломин қатысушыларды қоғамдық қордың міндеттері мен функциялары туралы таныстырды.Есепке алынған адамдарға заң мәселелері бойынша түсініктемелер мен психологтың кеңестері берілді,сондай-ақ азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Дата публикации
27 декабря 2019
Дата обновления
27 декабря 2019
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы