Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады. 2022 жылғы 29 қарашадағы ресстрге сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары мен оларға бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтердің 63 түрін көрсетеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 19040 (Жеке тұлғаларға 18858, заңды тұлғаларға 182) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 0.
19040 баламалы мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз түрінде - 983 (5,1%);
-«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 560 (2,9%);
- электрондық форматта - 17397 (92%) оның ішінде:
01.01.2024 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Ауданда барлығы ауылдық кітапханалар, ауылдық әкімдіктер және дербес бөлімдер негізінде 18 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы (11 ауылдық әкімдіктер базасында, 2 дербес бөлімдер базасында, 2 ауылдық кітапханалар базасында және 1 «Катонқарағай-Адалдық алаңы» фронт офисінің базасында) және Катонқарағай, Өрел ауылдарында 2 электрондық қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.
Бұрыштар мен орталықтар Электрондық үкімет «E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 170 түрін, төлемдердің 46 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығы 19800 сервис пен қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді. Жалпы 2023 жылы 700 адам қамтылған 25 іс-шара өткізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.
Жыл сайын көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ оларды көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық мониторинг жүргізеді.
5 балдық жүйе бойынша жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша тұрғындардың әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін көрсетті – 4,65 балл, ШҚО бойынша толық қанағаттандырылған респонденттердің үлесі– 75%, жергілікті атқарушы органдар рейтингінде 1 орын.
Респонденттер көрсетілетін қызметті берушілер қызметкерлерінің көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілер қызметкерлерінің зейінсіздігі туралы толық ақпарат бермеуі жөнінде сын-ескертпелер айтты.
Ауылдық округтердің бөлімдері мен әкімдіктеріне көрсетілетін қызметті алушылармен қарым-қатынас кезінде коммуникативтік дағдылардың деңгейін арттыру, ОМО бірлесіп құжаттарды жинау және тапсыру рәсімін жеңілдету, рәсімдердің ашықтығын арттыру ұсынылды.
ЖАО-ның осы ұсынымдарын ескере отырып, өңірде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. Аталған мәселе бақылауда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес Катонқарағай ауданы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №169 бұйрығымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2023 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Аталған кезеңде бақылау іс-шаралары барлығы 8 жүргізілді, 20-дан астам бұзушылық анықталды, 13 ұсыным әзірленді, барлығы орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.