Меню

Страницы

Статья

Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы

  1. Жалпы ережелер.

Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады. 2022 жылғы 29 қарашадағы ресстрге сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары мен оларға бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтердің 63 түрін көрсетеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 13750 (Жеке тұлғаларға 13545, заңды тұлғаларға 205) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 0. 

 

13750 баламалы мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- қағаз түрінде - 845 (4%);

-«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 1091 (6,1%);

- электрондық форматта - 1091 (7,9%):

  «электрондық үкімет» порталы арқылы - 11814 (92%):

  «ақпараттық жүйелер арқылы» - 2705 (7%).

Аталған кезеңде «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі 2 шағым түсіп, ҚР АППК-не сәйкес қаралды.

01.01.2023 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс.

Ауданда барлығы ауылдық кітапханалар, ауылдық әкімдіктер және дербес бөлімдер негізінде 18 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы (11 ауылдық әкімдіктер базасында, 2 дербес бөлімдер базасында, 2 ауылдық кітапханалар базасында және 1 «Катонқарағай-Адалдық алаңы» фронт офисінің базасында) және Катонқарағай және Өрел ауылдарында 2 электрондық қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Бұрыштар мен орталықтар «Электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 170 түрін, төлемдердің 46 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығы 30 324 сервис пен қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді. Жалпы 2022 жылы  741 адам қамтылған 27 іс-шара өткізілді.

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

2021 жылы Катонқарағай ауданы әкімінің өкімімен 2022 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Көрсетілген кезеңде бақылау іс-шаралары барлығы 8 жүргізілді, барлығы 24 бұзушылық анықталды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын бақылау бойынша тұрақты жүйелі жұмыс ұйымдастырылды, оларды көрсету сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жетілдірілуде.

Дата публикации
28 апреля 2023
Дата обновления
28 апреля 2023
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Бағыттар
14 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
Бағыттар
18 июля 2026
Заңдар
Бағыттар
18 июля 2026
Сайлау учаскелерінің орналасқан жері мен шекаралары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы