2023 жылғы 19 наурызда Катонқарағай аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.
Сайлаушылардың тізімдеріне 15278 (он бес мың екі жүз жетпіс сегіз) азамат енгізілгі. Дауыс беруге 11794 (он бір мың жеті жүз тоқсан төрт) сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 (нөл) сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 425 (төрт жүз жиырма бес) сайлаушы дауыс берді.
Кандидаттардың жалпы саны – 38 (отыз сегіз).