Ағымдағы жағдай
Катонқарағай ауданы 1928 жылы құрылған. 1997 жылы әкімшілік-аумақтық бөліністің өзгеруіне байланысты Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандары бір ауданға біріктірілді.
Аудан аумағы 13,2 мың шаршы шақырымды құрайды (облыс аумағының 4,7%). Аудан Қытай, Ресей және Моңғолияның шекаралық аумағында орналасқан. Күршім, Көкпекті және Алтай аудандарымен шектеседі. Ауданның елді мекендерін байланыстыратын қоғамдық көліктің негізгі түрі автомобиль көлігі болып табылады