Катонқарағай ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ауылдық округ әкімін сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын: Ақсу, Ақшарбақ, Жазаба, Бекалқа ауылдарының шекарасындағы Ақсу сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары және Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Арайлы Катонқарағай » аудандық газетінде жариялансын.