Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» КММ-сі

Серкенова Жұпар Әбілқанқызы

Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығының директоры

Жалпы ақпарат, білімі

 1980 жылы 21-сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін «Негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша кәсіптік орта білім алып, 2006 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті, 2011 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша аяқтап жоғары білім алған.

Мансап

Еңбек жолын 01.09.2003 жылы Солдатово орта мектебінде аға вожатый ретінде бастады.

01.03.2006 жылдан 24.02.2007 жыл аралығында Катонқарағай ауылы Ленин атындағы орта мектебінде хатшы-машинист болды. 01.03.2007 жылдан 28.08.2007 жыл аралығында Солдатово орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 11.09.2007 жылдан 12.02.2008 жыл аралығында Катонқарағай ауылы Ленин атындағы орта мектебінде іс қағаздарын жүргізуші болды. 13.02.2008 жылы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде мемлекеттік тіл маманы болып жұмысқа қабылданып, 09.07.2009 жылы кадрлар бөлімінің инспекторы, 20.02.2015 жылдан 25.07.2018 жыл аралығында Ұйымдастыру және кадр бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

12.11.2018 жылдан 17.04.2023 жыл аралығында «Тәп-Тәтті» ЖШС-де бас HR болып етті.

17.04.2023 жылдан 12.10.2024 жыл аралығында Астана қаласындағы "Olymp Medical Group", «Рика» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде кадр ісінің инспекторы болып қызмет етті.  

Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2024 жылғы 16-қазандағы бұйрығымен Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығының директоры міндетін атқарушы болып, 2024 жылғы 01-желтоқсандағы бұйрығымен директор болып тағайындалды.

 

емлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.


Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын, тілдерді дамыту мен қолданудың өңірлік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді ересек тұрғындарға оқыту  болып табылады.


Мекеме:
1) мемлекеттік стандарттар мен мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік сала қызметкерлеріне, тұрғындардың басқа да топтарына мемлекеттік тіл, ағылшын тілі, орыс тілдерін оқыту қызметін жүзеге асырады;

2) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық жағдайларды қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін кеңейту және дамытуға арналған іс-шараларды (байқау, фестиваль, форум, семинар және т.б) ұйымдастырады және өткізеді;

4) мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерінде аударма жасау қызметін жүргізеді;

5) мемлекеттік тілді оқыту жөнінде әдістемелік ұсынымдар мен оқу құралдарын әзірлейді, таратады;

Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығының негізгі көрсеткіштері:

2016 жылдан бастап Катонқарағай ауданының тілдер орталығында қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілін ересек тұрғындарға оқытатын курстар жүргізіліп келеді. Курс тыңдаушыларының басым бөлігі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер.

2016-2017 оқу жылында қазақ тілі курсын 48, 2017 – 2018 жылы 48, 2018-2019 жылы 68, 2019-2020 жылы 65, 2020-2021 жылы 96, 2021-2022 жылы 97, 2022-2023 жылы 91, биылғы жылы 95 тыңдаушы оқып шықты. Қазақ тілі курсы орталықтан тыс Достық үйінің этнос өкілдерімен «Кел, сөйлесейік» клубы шеңберінде де жүргізіледі.

2019-2020 оқу жылында латын негізді қазақ тілі әліпбиі курсында 38 тыңдаушы оқып шықты.

2016-2017 оқу жылында орыс тілі курсын 20, 2017 – 2018 жылы 36, 2018-2019 жылы 36, 2019-2020 жылы 24, 2022-2023 жылы 11, биылғы жылы 11 тыңдаушы оқып шықты.

2016-2017 оқу жылында ағылшын тілі курсын 48, 2017 – 2018 жылы 55, 2018-2019 жылы 50, 2019-2020 жылы 54, 2020-2021 жылы 48, 2021-2022 жылы 49/49, 2022-2023 жылы 43, биылғы жылы 35 тыңдаушы оқып шықты.

Жыл сайын жоспарға сәйкес жерлес жазушылар Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімханұлы, Әлібек Асқаровтың шығармашылығына арналған конкурстар, мерекелік іс-шаралар жүргізіледі. Сол секілді басқа да танымал тұлғалардың шығармашылығына орай аудандық іс-шаралар өткізіледі. Аудан тұрғындары, орталық тыңдаушылары, аудан оқушылары арасында эссе жазу, викториналық сұрақтар, «Кім? Не? Қашан?» сынды байқаулар, ойындар, қашықтық олимпиадалар мен конкурстар жүргізіліп тұрады. Атаулы күндерге орай дөңгелек үстелдер, акциялар, пікірталас алаңы, инста сұхбаттар өткізіледі. Кәсіби мерекелерге орай сол мамандық иелерімен, мысалы, әскери қызметкерлер, өрт сөндірушілер, ұстаздар және т.б. дөңгелек үстел өткізу дәстүрге айналған. Өткізілген әр іс-шараның есебі орталықтың @tilder_ortalygy_u.naryn. инстаграм парақшасында  жарияланып отырады.

Орталық оқытушылары өз біліктіліктерін арттыру үшін аудандық, облыстық, республикалық семинарларға, конкурстарға, курстарға қатысып отырады. Сол секілді орталық тыңдаушылары да орталық атынан облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жатыр.

Бұдан бөлек орталық аударма ісімен де айналысады. Орталық аудан әкімшілігінің сайтына арналған мақалаларды қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады.

Жұмыс жасау тәртібі: 9.00 – 18.00.
Үзіліс 13.00 до 14.00

Мекен жайы:
070900 Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы,
Катонқарағай ауылы
Электрондық пошта:

katonkaragay_til_ortalygy@outlook.com

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы