Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мекеменің қызметінің негізі жастар бастамаларына қолдау көрсетуді, жастар арасындағы жағдайды мониторингтеу мен талдауды және ақпараттық – әдістемелік, консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырып, Катонқарағай ауданы және оның туристік жағдайы бойынша ақпараттардың құрылуын, таратылуын, туристік өнімдердің халықаралық туристік нарықты және еліміз ішінде таралуын қамтамасыз ететін, туристік қызмет саласындағы жаңа бизнес субъектілерін дамыту үшін жағдайлармен, ғылыми-әдістемелік қолдау жасайтын мекеме болып табылады.

Мекеме:

  • жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
  • жастар және жастар ұйымдарды үшін әдістемелік материалдар жинағын, білім беру және басқарушылық технологияларын, семинарлар және вебинарлар материалдарын, анықтамалық ақпараттарды жасайды;
  • жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді;
  • жастарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және қәсіпкерлікті белсендіру бойынша жұмыстар жүргізеді;
  • әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына белсене қатысады;
  • жастар арасында туындаған мәселелерді талқылау үшін жастар саясат саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдар құрады және ұсынады;
  • жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандыруды жүзеге асырады;
  • жергілікті атқарушы органдар ұсынатын өкілеттік шеңберінде өңірлік және республикалық жастар форумын өткізуге қатысады;
  • жастардың қажеттіліктері мен проблемалық мәселелері бойынша олардың басымдықтарын анықтайтын ақпараттар жинауға қатысады;
  • жастармен жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының қызметін зерделейтін, жастардың өзін-өзі басқару, партиялардың жиындағы жастар қозғалысын, этномәдени орталықтарды, өңірдегі құқық қорғау және діни ұйымдардың, жастар арасындағы тенденциялармен мен ағымдарды анықтайтын ақпарат жинауға қатысады;
  • өңірдегі, аудан және ауылдағы жастар арасындағы ахуалды зерделеу бойынша талдамалық жұмыстарға қатысады;
  • өңір аумағындағы жастар саясатының даму тенденциялары мен жастар арасындағы тәуекелді болжайтын әлеуметтік зерттеулерге қатысады;
  • жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелік шаралар, ұсынымдарды, жобаларды әзірлеуге қатысады және зерделейді;
  • жастардың бос уақытын дамытуға көмек көрсету бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді;
  • өз құзыреті шегінді жастар және жастар ұйымдарды үшін, мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға өз қызметтері туралы ақпараттарды ұсынады;
  • елімізге келген туристерге уақытша орналасу, келіп-кету ережелері туралы өзекті және сенімді ақпаратты ұсыну және халықтың әдет-ғұрпы, кесенелер, табиғат, тарих, мәдениет және басқа да арнайы қорғаудағы нысандарды, ескерткіштерді, қоршаған ортаны көрсету;
  • шетелдік туристерге ақпарат және басқа да көмек түрлерін алуға жәрдемдесу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының туроператорларына жарнамалық турлар ұйымдастырып, жүргізу;
  • автобекеттерде және басқа да жерлерде туристік ақпараттық пункттерді ұйымдастыру, ақпараттарды жаңалап отыру;
  • ақпараттық веб сайт ашу, бұқаралық ақпарат құралдарына толық жарнамалық мәлімет беру;
  • облыстық, аудандық көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдар форумдар және басқа да туристік семинарларға іс-шараларға қатысу, ұйымдастыру және өткізу;
  • Қазақстанжәне халықаралықтуристік ұйымдармен өзара қарым-қатынастыжүзеге асыру;
  • Катонқарағай ауданының туристік әлеуетін насихаттайтын аудио-бейне және т.б электрондық өнімдерін дайындау;
  • ресми делегациялар мен лауазымы бойынша қызметкерлерді таңдаулы жері бойынша орналастыру;
  • аудан тұрғындары мен қонақтары үшін туристік ақпаратты-кеңес беру қызметтерін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін қарап, өзінің құзыретіне жататынмәселелер бойыншажазбаша және ауызша жауаптар беріп,құқықтықкеңес беру;

Жұмыс жасау тәртібі: 9.00 – 18.30.
Үзіліс 13.00 до 14.30

Мекен жайы:
070908 Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы,
Катонқарағай ауылы
Жанпеисова 19/1 көшесі
Е-mail:  Qaton_zhastary@mail.kz
Телефон.: 8 7083038553

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы