Жалпы ақпарат, білімі
Маниярова Анар Тастанбекқызы - 1996 жылы 15-ші наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Рахман қайнары ауылында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары.
2017 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетін
«Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Мансап
2017 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Катонқарағай ауданы Достық Үйі КММ де әдіскері қызметін атқарды.
2024 жылдың 28 маусымнан бастап Катонқарағай ауданы Достық Үйі КММ де директорының міндетін атқарушы қызметін атқарды.
2024 жылдың 09 тамызынан бастап Катонқарағай ауданы Достық Үйі КММ директоры қызметіне тағайындалды.
Электрондық пошта:
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары.
Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мекеменің қызметінің негізгі мақсаты ұлттық мәдениет орталықтарының, бірлестіктерінің, қорларының және басқа қоғамдық ұйымдардың Катонқарағай ауданының атқарып жатқан барлық этностарының мәдени ерекшеліктерін, тілдерін дамыту, жаңғырту бойынша қызметтерін ұйымдастыру және үйлестіру бойынша азаматтық татулығын және келісімін бекіту, ұлттың мәдениетін және мемлекеттің халықтық салт-дәстүрі және кәсіпшіліктерін насихаттау бойынша жұмысына белсенді қатыстыру болып келеді.
Мекеме:
1) Катонқарағай ауданы аймағында тұрып жатқан халықтар туралы тарихи- библиографиялық материалдар басып шығару, тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және қалпына келтіру;
2) экономиканың тұрақтылығы мен өркендеуі, әлеуметтік құқықтық қорғау, адамдардың нәсілдік, ұлттық құрамына және сенімдеріне қарамастан құқықтары мен бас еркіндігін сақтау, өкілеттік және атқарушы өкімет органдарында ұлттық-мәдениеттік орталықтарының заңды құқықтарын сақтау және мүдделерін ұсыну бойынша мемлекеттік кешендік бағдарламасын жүзеге асыруына көмек береді;
3) жарғылық мақсаттарға жету үшін ұлттық-мәдениеттік орталықтарының және бірлестіктерінің ғылыми-әдістемелік және кәсіпкерлік қызметіне көмек береді;
4) ұлттық-мәдениеттік орталықтарының және бірлестіктерінің қызметтеріне ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
5) бейбітшілік орнату және қайырымдылық қызметтеріне қатысады;
6) халықаралық байланыстарды кеңейтеді және бекітеді;
7) қызмет істейтін ұлттық-мәдениеттік бірлестіктеріне ана тілін оқыту бойынша жексенбілік мектептердің жұмыстарын ұйымдастыруға, музыкалық, көркем шығармашылық, халықтық қолданбалы өнер ұжымдарының қызметтеріне, жаңа ұлттық-мәдениеттік орталықтарын құру және олардың қызметіне қажетті жағдай жасауға тәжірибелік көмек көрсетеді;
8) Мекеменің және ұлттық-мәдениеттік орталықтарының қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында баяндайды;
Достық үйінің негізгі көрсеткіштері
2016 жылдан бастап Катонқарағай ауданының Достық үйінде төрт этномәдени бірлестік жұмыс жасады. Олар, қазақ этномәдени бірлестігі «Дәстүр», татар этномәдени бірлестігі «Дуслык», словян этномәдени бірлестігі «Оберег» , неміс этномәдени бірлестігі «Возрождение» бұл этномәдени бірлестіктердің өкілдері аудан тұрғындарының көпшілігін құрайды. Қазіргі уақытта жеті этномәдени бірлестік жұмыс істейді : қазақ, татар, орыс, неміс , украин , белорусь, өзбек. Этномәдени бірлестіктер құрамына 135 адам кіреді.Театрландырылған «Достық» әртүрлі тілдерді оқыту студиясы жұмыс жасайды.
Достық Үйі ғимаратының салтанатты ашылуы 2017 жылдың 1 желтоқсанында Тұнғыш Президент күніне орай өтті. 2017 жылы облыс бойынша «Ең үздік Достық үйі» жүлдесіне ие болды.
Халық биі және ән үйірмесі;
«Нить дружбы» ұлттық қолданбалы қолөнер студиясы;
«Ассамблея жастары» жастар қанаты;
«Алтын қолдар» қолөнер бойынша ұзақ өмір сүру үйірмесі;
Медиация «Келісім» орталығы;
«Бірлік» еріктілер орталығы;
Конференция зал
Конференция залы дөңгелек үстелдер, фестивальдар, конференциялар, жиналыстар, концерттер, семинарлар,халық биі және халық әндері студияларының жұмысына арналған.
Ауданымыздың Аналар кеңесі
Аналар кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Кеңестің құрамын қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың, қоғамдастықтар мен қоғам қайраткерлерінің қатарынан қалыптастырады.
Ауданымыздың ең белсенді әйелдерінен Аналар кеңесі құрылды.Барлық ауылдық округтерде Аналар кеңестері жұмыс жасайды, бұл құрамда 46 адам бар.Аналар кеңесі жастармен, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасы тәрбиесі,үлгілі отбасы тәжірибесін насихаттау бойынша жұмыс жасайды.
Кеңестің негізгі міндеттері - отбасы және ана болу институттарын нығайту жолымен қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Кеңес келесі функцияларды орындайды:
1) Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар үшін отбасы және ана институттарының мәртебесін нығайту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
2) Патриотизмді, толеранттылықты, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени бірегейлігін қалыптастыру және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
3) Толерантты өзара қарым-қатынасты, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мен сақтауды, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды құрметтеуді насихаттау.
4) Ата-аналардың рухани-адамгершілігі мол дені сау ұрпақты тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға жәрдемдесу.
5) Жалғызбасты және көп балалы аналарға олардың әлеуметтік мәселелерін шешуде консультациялық көмек көрсету.
6) Жастар ортасында аға ұрпақты мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
7) Отбасы мен аналықтың оң имиджін дамытуға бағытталған қоғамдық бастамаларды, азаматтық қоғам институттарының және басқа да ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын қолдау және дамыту.
8) Отбасылық құндылықтар мен отбасының қоғамдағы оң имиджін насихаттауға, сондай-ақ осы бағыт бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу, отбасылық салауаттылық пен ата-ананың табыстылығын дәріптеу.
9)Кеңестің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау.
ҚХА Ақсақалдар кеңесі
Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі (бұдан
әрі – Кеңес) Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Облыстардағы Кеңес өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеялары жанынан, облыс ауданында және қажет болған жағдайда ауылдық округтер мен ауылдарда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдіктерінің жанынан құрылады. Кеңес құрамы жергілікті қоғамдастықтың тұрғындарынан, қоғамдық, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатарынан қалыптастырылады.Облыстық Кеңестің құрамын Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік Кеңесі, аудандар, ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері бекітеді.
Кеңестің негізгі міндеттері:
- мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;
- азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту;
- қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет пен қоғамның «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастыру;
- жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру;
- мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдарды профилактикалауға, оларды шешуге, сондай-ақ оларды жанжалдан кейінгі реттеуге жәрдемдесу;
- этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
- жастар арасында тәлімгерлік практикасын енгізу және жетілдіру, қоғамды шоғырландыру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен тәжірибені беру. Катонқарағай ауданының Ақсақалдар кеңесі құрамына 38 адам кіреді.
Жұмыс жасау тәртібі: 9.00 - 18.00.
Үзіліс 13.00 до 14.00
Мекен жайы:
070900 Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы,
Катонқарағай ауылы
Жампеисова 19/1 көшесі
Е-mail: Dostyk.katon_@mail.kz
Телефон.: 8 72 (341) 2-19-40