Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ішкі саясат

«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының ішкі саясат,  мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 Бөлімнің мақсаты: ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын, спорт, мәдениет және тілдерді қолдау және дамытуға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру.


 Бөлімнің міндеттері:

1) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

2) ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдылықтарын насихаттау бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кешенін өткізуді ұйымдастырады;

3) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдарымен және діни конфессиялармен, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, ұлттық - мәдени орталықтармен конструктивті қарым -қатынасты нығайтады;

4) мемлекеттік ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады;

5) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;

7) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету;

8) спортты қолдау және ынталандыру;

9) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету.

10) мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды.


 Бөлімнің функциялары:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады;

2) аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді;

3) діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша дін іс-әрекеттері саласындағы уәкілетті органдарға ұсыныстар жасайды;

4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

6) Катонқарағай ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (тігілуін, орналастыру) бақылау жасайды;

7) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

8) ауданның, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

9) аудан аумағында тіл саясатын жүзеге асырады;

10) ауданның мәдени және спорттық  мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;

12) бұқаралық демалу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымын құрады;

13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;

  • облыстық спорттық жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Катонқарағай ауданының аумағында ауданның спорттық ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
  • спорттық разрядтарды тапсырады: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы;
  • спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
  • Катонқарағай ауданының аумағында спорттық және мәдени кұрылымдардың құрылысын салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
  • спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
  • жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік орган қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

  1. «Катонқарағай мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
  2. «Катонқарағай аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  4. Катонқарағай ауданының «Достық Үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  5. «Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Документы
Ақпарат
04 сентября 2026
Катонқарағай ауданының әкімдігі
Катонқарағай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Ақпарат
17 марта 2026
Катонқарағай ауданының әкімдігі
Катонқарағай ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес құру және оның ережесін бекіту туралы
Есеп
17 марта 2026
Катонқарағай ауданының әкімдігі
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
Новости
Полезные материалы
Ішкі саясат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы