Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
f.kysainov@akimvko.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Кусаинов Фархат
Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

1978 жылы 21 шілдеде  Шығыс Қазақстан облысы  Зайсан  ауданы Зайсан қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы, 2003 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Карьера

Еңбек жолын 1998 жылдың қыркүйек айынан 1999 жылдың қаңтар айы аралығында Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасы жанындағы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының мамандандырылған алғашқы дайындық мектебінің  тыңдаушы  болып  бастады.  

1999 жылдың қаңтар айынан мамыр айы аралығында Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасында, жеке батальон полицейскиі лауазымында қызмет атқарды.

1999 жылдың мамыр айынан  2000  жылдың маусым  айы  аралығында  Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасында, дипломатиялық өкілдіктерді қорғау полиция полкінің инспекторы  болып қызмет атқарды.

2000 жылдың маусым айынан 2002 жылдың тамыз айы аралығында ШҚО ІІД Шемонайха ауданының ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2002 жылдың тамыз айынан 2004 жылдың тамыз  айы аралығында  Алматы қаласының ІІБ-нің тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдап - тарату орнының кезекші инспекторы болып қызмет атқарды.

2007  жылдың сәуір  айынан 2009 жылдың қаңтар  айы аралығында  Алматы қаласының ІІБ-нің тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдап - тарату орнының  жедел уәкілі болып қызмет атқарды.

2009  жылдың қаңтар айынан 2010 жылдың қаңтар  айы аралығында   Алматы қаласының ІІД-де  әкімшілік қамауға алынған және шетелдіктерді қабылдау жөніндегі арнайы қабылдау бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2010  жылдың қаңтар айынан қазан  айы аралығында Қызылорда облысының ІІД КПБ-ның  мүлік қылмыстармен күрес бөлімінің жедел уәкілі болып қызмет атқарды.

2010  жылдың қазан айынан 2012 жылдың қыркүйек  айы аралығында  Қызылорда облысының ІІД  КПБ-ның  тұлғаның жеке басына қарсы жасалған қылмыстарды ашу бөлімінің жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарды.

2016  жылдың ақпан  айынан 2018 жылдың сәуір  айы аралығында "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының Қаратал ауданының филиалында заң қызметтері бойынша менеджер - кеңесші болып қызмет атқарды.

2018  жылдың сәуір айынан мамыр айы аралығында   "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының Алматы облысының  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бойынша 2-ші санатты сарапшы болып қызмет  атқарды.

2020  жылдың тамыз  айынан 2023 жылдың ақпан  айы аралығында  «Алматы облысының  кәсіпкерлер палатасы» филиалының директоры  болып қызмет атқарды.

2023  жылдың ақпан айынан 2024 жылдың  қыркүйек  айы аралығында  "Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы" филиалының директоры лауазымында қызмет атқарды.

2021 жылдың  қаңтар   айынан 2023 жылдың наурыз  айы аралығында  Жетісу облысы Каратал ауданы Маслихатының VII- шақырылым  депутаты болды.

2025 жылғы 06 қарашасынан бастап 2026 жылғы 23 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

Катонқарағай ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы өкімімен  2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы