Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.elchibekov@akimvko.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Елчибеков Айбек Толепбердинович
Аудан әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі
Общая информация, образование

1977 жылы 03 шілдеде  Шығыс Қазақстан облысы  Катонқарағай  ауданы Медведка  ауылында  дүниеге келген.

1998 жылы  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Шекара командалық училищесінің  «Бөлімшелердің жауынгерлік қызметтік жұмысын басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.

Карьера

Еңбек жолын 1994 жылдын шілде айынан 1998 жылдың мамыр айы аралығында  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары командалық училищесінің курсанты болып  бастады.  

 1998 жылдың мамыр айынан шілде айы аралығында   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау күштері қолбасшысының қарауында болды.

1998 жылдың шілде  айынан  1999  жылдың қараша айы  аралығында  ҚР ҰҚК Күршім шекара отрядының «Бобровка» шекара комендатурасының қызметтік және жауынгерлік дайындық офицері лауазымында қызмет атқарды.

1999 жылдың қараша айынан желтоқсан айы аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының қарамағында  қызметін атқарды.

1999 жылдың желтоқсан айынан 2003 жылдың қаңтар айы аралығында ҚР ҰҚК ШЖ Күршім шекара отрядының «Орловка» шекара заставасының бастығы болып қызмет атқарды.

2003  жылдың қаңтар айынан қараша айы аралығында  ҚР ҰҚК ШЖ Өскемен шекара отрядының «Үшбұлақ» шекара бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2003  жылдың қараша айынан 2004 жылдың шілде  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ Өскемен шекаралық жасағы штабының аға офицері  болып қызмет атқарды.

2004  жылдың шілде айынан 2005 жылдың маусым  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ Өскемен шекаралық жасағының" Бородулиха " шекара комендатурасының коменданты болып қызмет атқарды.

2005  жылдың маусым айынан қыркүйек  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ "Солтустик" өңірлік басқармасының жедел кезекшілер бөлімінің талдау тобының офицері лауазымында қызмет атқарды.

2005  жылдың қыркүйек  айынан 2007 жылдың қыркүйек  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ Зайсан шекаралық отрядының "Шілікті" шекаралық комендатурасының коменданты болып қызмет атқарды.

2007  жылдың қыркүйек  айынан 2010 жылдың қазан  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ Зайсан шекаралық отрядының мемлекеттік шекара күзеті бөлімшесінің аға офицері болып қызмет атқарды.

2010  жылдың қазан  айынан 2012 жылдың шілде  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ Зайсан шекаралық отрядының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2012  жылдың шілде   айынан қыркүйек  айы аралығында  "Шығыс" ПС КИБ РК бастығы лауазымында қызмет атқарды.

2012  жылдың  қыркүйек   айынан 2013 жылдың қазан  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ  Күршім шекаралық отрядының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімі бойынша "Өрел" комендатурасының коменданттың бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

2013  жылдың  қазан   айынан 2019 жылдың мамыр  айы аралығында  ҚР ҰҚК ШҚ Күршім оқу орталығы шекаралық отрядының бастығы болып қызмет атқарды.

2021  жылдың  шілде   айынан 2025 жылдың маусым   айы аралығында  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

Катонқарағай ауданы әкімінің 2025 жылғы 10 қарашадағы өкімімен  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі көмекшісі лауазымына  тағайындалды.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы