Катонқарағай ауданының
әкімдігінің
«2020» жылғы 22 қазандағы
№ 312 қаулысымен бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы
Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Мемлекеттік органның қысқартылған атауы - «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
Егер «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
15.Міндеттері:
1) ақпараттық-талдау;
2) ұйымдық – құқықтық;
3) материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
1) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер қабылдайды, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерінің, орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының пайдаланылуы мен күтіп ұсталуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) Әділет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нотариаттық іс- қимылдар жасайды.
10) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтыққорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
15) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
17) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және
мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
21) «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
22) ауылдық денсаулық сақтау ұйымын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
23) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;
24) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
25) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
26) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
27) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
28) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
29) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
30) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
31) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
32) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
33) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
34) аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
35) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
36) ауылдың, ауылдық округтің тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
37) аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың, ауылдық округтің авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
38) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына шағын несие беруге жәрдем көрсетеді;
39) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді, коммуналдық меншікке төленетін жалдау ақысы, коммуналдық меншікті жекешелендіру ақысы жергілікті ауылдық округ әкімі аппаратының шотына төленеді;
40) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
41) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
42) берілген аудандық коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
43) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
44) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
45) кіріс көздерін қалыптастырады;
46) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін - өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін - өзі басқарудың қолма - қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;
47) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
48) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;
49) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы індеттері туындаған жағдайда, бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысымен аймақта карантин немесе шектеу қоятын іс-шаралар белгілеу туралы шешім қабылдайды;
50) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша ветеринарлық іс - шаралар кешенін өткізгеннен кейін бас ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік инспектордың ұсынысына қарай карантин немесе шектеу қоятын іс-шараларын алу туралы шешім қабылдайды;
51) Халықтың ерікті құрамаларын тарта отырып, төтенше жағдайларды уақытылы жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді.
Осы ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін көтеру жөніндегі сұрақтар бойынша соттарда, мемлекеттік органдармен қарым - қатынастарда әкімнің, «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғауға;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды лауазымды тұлғалардан сұратып алуға;
3) Қазақстан Республикасының Президентi, Yкіметі және орталық органдары, облыс, аудан әкімшіліктерінің, әкімдерінің актілерi мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындауға;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстануға;
5) «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық, талдамалық қызметін жүзеге асыру және материалдық - техникалық қамтамасыз етуге;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын жүзеге асыру, ауданның мемлекеттік органдар жүйесінде кадрлар біліктілігін арттыруға;
8) мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау жөнінде уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсынуға.
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы лауазымы сайланбалы болып табылады.
20.«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесін құзыретті органға бекітуге ұсынады;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде белгіленген тәртіпте E-G-3 санатты мемлекеттік қызметшілерді және әкім аппаратына техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін белгілейді;
4) «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
5) өз құзыреті шегінде «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;
6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
7) ауылдық округ тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;
9) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекемені ұсынады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктерін, ол болмаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.