Катонқарағай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 559 қаулысына қосымша
«Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы
Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Жалпы ережелер
- «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын ауданды дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізуді қамтамасыз сету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады..
- «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.