GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
Абаттандыру
24 июля 2026
«Таза Қазақстан» – тазалық әрқайсымыздан басталады!

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Солоновка ауылдық округінің аумағында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Солоновка ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, мектептердің, балабақшалардың және ауылдық клубтың ұжымдары белсенді қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде бұлақ аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру, ауылдардың орталық көшелерін тазарту, сондай-ақ автомобиль жолы бойындағы аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік қорытындысы бойынша 50-ден астам қап қоқыс жиналып, шығарылып, тиісті тәртіппен кәдеге жаратылды.

Барлық қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы, туған жердің тазалығы мен көркеюіне қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Солоновка ауылдық округінің барлық тұрғындарын алдағы экологиялық акциялар мен сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырамыз! Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана ауылдарымыздың тазалығы мен көркін сақтап, оны келер ұрпаққа аман жеткізе аламыз.

Таза ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз! 🌱♻️

Жаңалықтар
03 июля 2026
Хабарландыру

Хабарлама

 

Құрметті азаматтар!

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарына қызметке түсетін азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының тест сұрақтары жаңартылды.

Сіздерге сәттілік тілейміз!

01 июня 2026
Солоновка ауылдық округінің тұрғындарымен жиналыс

Солоновка ауылының тұрғындарымен округ әкімі Р. Ақылтайдың қатысуымен ауылдық жиыны өтті.

Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» акциясын өткізу, мал бағу мәселесі, қараусыз жүрген мал, қаңғыбас иттер және мал ұрлығының алдын алу мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша округ әкімі мен учаскелік полиция қызметкері заң талаптарын, тиісті баптар мен жауапкершілік шараларын жан-жақты түсіндірді. Ал КГП «Нарын Ком Хоз Сервис» мекемесінің өкілі ауылдағы су қызметі бойынша берешегі бар тұрғындардың тізімін атап, қарыз уақытылы өтелмеген жағдайда қолданылатын шаралар мен оның салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар жиын барысында халықты әлеуметтік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу жолдары мен мемлекеттік қолдау алу шарттары түсіндірілді. Аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері, отбасының табысын есептеу тәртібі, сондай-ақ тұрғын үй көмегін алу үшін қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берілді. Азаматтарға әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша уақтылы жүгіну қажеттілігі түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жиын барысында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдағы тазалық, қоғамдық тәртіп, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік қолдау шаралары және өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

01 июня 2026
Әлеуметтік қолдау шаралары
 
 
 

📢 Құрметті Солоновка ауылдық округінің тұрғындары!

Мемлекет тарапынан қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылғанын еске саламыз.

Төмендегі қолдау түрлері қолжетімді:

✔️ Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК);
✔️ Тұрғын үй көмегі;
✔️ Әлеуметтік төлемдер мен консультациялар;
✔️ Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
✔️ Отбасының мұқтаждық деңгейін бағалау және мемлекеттік қолдау шараларын тағайындау.

Егер сіздің отбасыңыз әлеуметтік қолдауға мұқтаж болса немесе қосымша кеңес алғыңыз келсе, қажетті ақпарат пен құжаттарды рәсімдеуге көмек алу үшін «Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-не жүгінуіңізге болады.

📞 Анықтама телефоны:
8 (72341) 2-33-38

«Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Біз сіздерге ақпараттық қолдау көрсетіп, заңнамада көзделген әлеуметтік көмек түрлерін алуға жәрдемдесуге дайынбыз.

Абаттандыру
14 мая 2026
Таза Қазақстан- біздің ортақ жауапкершілігіміз!🌿
2026 жылғы 13 мамырда «Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ұжымы «Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясына белсенді түрде қолдау көрсетті. Акция аясында кіреберіс аумақтарды абаттандыру және эстетикалық жаңарту жұмыстары жүргізілді. Әкімдік ұжым : 
* Солоновка ауылдық округінің кіреберістегі басты стеламен;
* ⁠Солоновка және Малонарым ауылдарына кіретін жол белгілерін тазалап, сырлады.
⁠Стеллалардың жаңартылған келбеті тек эстетикалық мәселе емес, сонымен бірге туған жерге деген құрметіміздің белгісі. Әрбір тұрғынды ауылымыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз. Тазалық әрқайсымыздан басталады!

 

Мәдениет
14 мая 2026
🇰🇿 Ұлы Жеңіске тағзым
9 мамыр күні Солоновка ауылында Ұлы Жеңіс күніне арналған еске алу шарасы өтті.
Осы айтулы күні ауыл тұрғындары бірге жиналып, Ұлы Отан соғысы батырларына құрмет көрсетті. Жеңісті жақындату жолында ерлік пен табандылық танытқан жауынгерлердің рухы еске алынды.
Іс-шара барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза болған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, ардагерлерге бейбіт өмір мен тәуелсіз ел үшін шынайы алғыс білдірілді.
Жеңіс күні — ұрпақтарды біріктіретін, ел тарихын ұмытпауға және бейбіт өмірдің қадірін бағалауға үндейтін ерекше мереке.
Мәдениет
08 мая 2026
9 Мамырға орай еңбеккерлерін құрметтеу

💐 Бүгін Солоновка ауылдық округінің әкімі Р. Ақылтай тыл еңбеккері, құрметті Солтаханова Биғатты ерекше құрметпен құттықтады! 🎁
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Р. Ақылтай Биғат апайға барып, оның ортақ Жеңіске және бейбіт болашаққа қосқан баға жетпес үлесі үшін терең алғысын білдірді. 🙏
Бейбітшілігіміздің негізі болған тылдағы еңбегі мен табандылығы үшін қаһарманға шын жүректен алғыс сөздері мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Олардың ерлігін әрқайсысымыз есте сақтап, қадірлейік! 🎗️
Біз ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерімізді шексіз мақтан тұтамыз және оларды бағалаймыз! Олардың ерлігі – барлық ұрпаққа үлгі! ❤️

Абаттандыру
06 мая 2026
"Таза Қазақстан" акциясы

Бүгін біз маңызды әрі игі іске атсалыстық 🌱 «Таза Қазақстан» акциясы аясында Солоновка ауылдық округінің тұрғындары бірігіп, 50 түп шырша отырғызды 🌲 Бұл ортақ іске ГУ «Солоновка ауылдық округі әкімінің аппаратының» қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, округтің ветеринар дәрігері, ақсақалдар, "Аналар кеңесінің" төрайымы, КГУ «Солоновка орта мектебінің» оқушылары мен мұғалімдері, Қазпошта қызметкері, дәрігерлік амбулаторияның қызметкері, шаруа қожалықтарының қызметкерлері, сондай-ақ «Балауса» балабақшасының белсене қатысты. Мұндай бастамалар біздің округті көркейтіп қана қоймай, ортақ мақсат жолында адамдарды біріктіреді 💚 Үлес қосқан баршаңызға алғыс айтамыз! Бірге біз Қазақстанымызды таза әрі көрікті етеміз! 🇰🇿

 

Абаттандыру
05 мая 2026
"Таза Қазақстан" Акциясы

29.04.2026  «Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке шықты.
Әрқайсымыз өз үлесімізді қосқанда — кішкентай іс те үлкен игіліктің бір бөлігіне айналады. Тазалық әрқайсымыздан, өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға деген көзқарасымыздан басталады.
Осындай сәттер бізді біріктіріп, ауылымызды таза, көрікті әрі жайлы ету — өз қолымызда екенін еске салады 💚

Мәдениет
05 мая 2026
Халықтар достығы — бейбітшілік пен келісімнің негізі

1 Мамыр – Көктем және Еңбек мерекесіне орай Солонов ауылдық округінің кітапханасы «Халықтар достығы” атты маңызды тақырыпқа арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. 🌐 Өзара сыйластық пен мәдениеттер алмасудың маңыздылығын талқыладық, өйткені бұл бейбітшілік пен өркендеудің кепілі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы