|
Үлкен Нарын ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 наурыздағы № 94 қаулысымен бекітілген
|
«Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы
Солдатово ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар мәтіні
«Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Солдатово ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
16 - тармақ келесі тармақшалармен толықтырылсын:
«65) құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және оны іске асыруға жауапты болады;
66) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
67) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
68) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады;
69) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;
70) қызметі құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді;
71) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
72) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды».