Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылының тумасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты,профессоры, Қазақстан Республикасы инженерлік ғылымдар академиясы корреспондент мүшесі, ақын Төлеухан Нұралдаұлы Бияров 1949жылы 1мамырда дүниеге келген. Ол КазГу-де кафедра меңгерушісі және Қазақстан-Британ Университетінде кафедра меңгерушісі, декан, профессор болып болып қызмет жасады. Катонқарағай ауылдық кітапханасының кітапханашылары Т.Н.Бияровтың 75 жылдығына орай оқырмандар арасында "Тау тұлғалы талант"атты ақпарат сағатын ұйымдастырып өткізді. Шара барысында оның өмірбаяны, еңбек жолы және ақындық өнері туралы айтылды. "Ағажай, Алтайдай жер қайда" атты жинақта жарық көрген өлеңдеріне тоқталып, "Ақын - ғалым" тақырыбындағы кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.
#КатонқарағайАуданыныңҚаламгерлері. #ТөлеуханБияров75ж