Ермек Назымұлы Сахариев — 1952 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек аулында дүниеге келген. Еңбек сегіз жылдық және Шыңғыстай орта мектептерінде оқыған. 1977 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтты бітірген. Одан соң ұзақ жылдар білім беру саласында қызмет істеп, 1994 жылдан бастап «Түркістан», «Ана тілі», «Қазақстан-ZAMAN» газеттерінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. «Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер" , «Шың мен шыңырау», «Сағындырған ауылым» сынды көпке танымал шығармалардың авторы.