"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

                                                                               Катонқарағай ауданының әкімдігінің

                                                                               2020 жылғы "22" қазандағы
                                                                               № 312 қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

  1. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын ауданды дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіруді жүргізуді қамтамасыз сету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
    2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
          3. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
          4. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
          5. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
          6. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының шешімдері, өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
          7. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
          8. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 070908, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Жампеисов көшесі, 19/1.
          9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
          Мемлекеттік органның қысқартылған атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ;
          10.  Катонқарағай ауданының әкімдігі "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  2. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
    12. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
          13. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілері мен "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
          Егер "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

                                   

Положение Государственного учреждения «Аппарат акима Катон-Карагайского сельского округа Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области»
Дата публикации
22 января 2024