Меню

Страницы

Статья

Аналитическая статья

«Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау нәтижелері туралы

талдамалық анықтамасы

 

Белқарағай ауылы                                                                    күні         07.2026 ж.

 

         ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, Белқарағай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы №44-н өкіміне сәйкес, «Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізді.

СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • объектінің қызметі қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

СЖТІТ жүргізу кезінде қолданылады:

  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бекіткен 2021 жылғы 7 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан ары –Әдістемелік ұсынымдар);
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.

СЖТІТ 2026 жылғы 01 маусым мен 01 шілде аралығында өткізілді.

Белқарағай ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 44-н өкіміне сәйкес, жұмыс тобының мүшелері округ әкімі, Аппараттың  бас мамандары және есепшісі болып айқындалды.

Аппарат өз қызметін Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 312 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

СЖТІТ жүргізу барысында Аппаратта мынадай 1 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты көрсеткіші бойынша:

- тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

 

 

Әкімдік тарапынан көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтерге талдау жасалды. Барлық мемлекеттік қызметтердің электронды форматта көрсетілмейтіні немесе ішінара автоматтандырылғаны анықталды.

«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп төлеу» мемлекеттік қызметі. Қағидаларға сәйкес қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде немесе ЭҮП арқылы электрондық форматта көрсетіледі. Алайда бұл қызмет бүгінде автоматтандырылған жоқ. Сондай-ақ бұйрық жобасын келісу қағаз түрінде жүзеге асырылады. Процесті автоматтандыру уақыт шеңберін қысқартуға, шешім қабылдау үдерісін ашық етуге және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы байланысты жоюға тиіс.

 

Ұсыныстар:

Қызметті электронды форматта көрсету үшін «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасын жаңғырту қажет.

 

 

 

 

Жұмыс тобының құрамы:

 

Белқарағай ауылдық

округінің әкімі                                                                                     К .Нурканов

 

«Белқарағай ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

бас есепшісі                                                                                          А. Логинова

 

«Белқарағай ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

бас маманы                                                                                        И.Молжабаева

 

«Белқарағай ауылдық округі әкімінің

аппараты» мемлекеттік мекемесінің

бас маманы                                                                                         Р.Жанузакова

 

Дата публикации
24 июня 2026
Дата обновления
24 июня 2026
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Талдамалық мақала
24 июня 2026
Аналитическая статья
Талдамалық мақала
16 июня 2026
«Белқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтамасы
БАҚ үшін
09 июня 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ міндет»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы