Белқарағай ауылында "Даналық көпірі" атты дөңгелек үстел өтті
Белқарағай ауылдық округінде ақсақалдар мен аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Даналық көпірі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту, өмірлік тәжірибе мен өнегелі тәлімді жастарға жеткізу. Жиын барысында ақсақалдар мен аналар қоғамдағы рухани құндылықтар, отбасылық тәрбие, ұлттық салт-дәстүр мәселелерін қозғап, өмірлік ақыл-кеңестерімен бөлісті.