«ШҚО Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің жергілікті 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы
Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады. 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бекітілген мемлекеттік қызметтің реестріне сәйкес, Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтердің 6 түрін көрсетеді:
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 8 (жеке тұлғаларға 8, заңды тұлғаларға 0) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 0.
Бұрыштар мен орталықтар «Электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 170 түрін, төлемдердің 46 түрін көрсетеді. Барлығы 512 сервис пен қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған.