Ішкі талдау

«Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік

мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау нәтижелері туралы

талдамалық анықтамасы

 

Аққайнар ауылы                                                                          күні 17.06.2026ж.

 

         ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, Аққайнар ауылдық округі әкімінің   2026 жылғы 22 мамырдағы № 33-н өкіміне сәйкес, «Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізді.

Ішкі талдау 2026 жылғы 01 қаңтардан 2026 жылғы 31 мамыр аралығын қамтыды.

СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • объектінің қызметі қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

СЖТІТ жүргізу кезінде қолданылады:

  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бекіткен 2021 жылғы 07 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан ары –Әдістемелік ұсынымдар);
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.

СЖТІТ 2026 жылғы 01 маусым мен 01 шілде аралығында өткізілді.

Аққайнар ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 33-н өкіміне сәйкес, жұмыс тобының мүшелері округ әкімі, Аппараттың  бас мамандары және есепшісі болып айқындалды.

Аппарат өз қызметін Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 22 қазандағы №312 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге семинарлар мен тренингтер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтан қорғау туралы білім беру бағдарламалары өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, 2026 жылдың наурыз айында Аққайнар ауылдық округінің әкімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» тақырыбында тестілеуден өтіп, сертификат алды.

ішкі талдау
Дата публикации
17 июня 2026