GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
10 августа 2026
хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды бастау күні 2026 жылғы 18 тамыз болып белгіленгенін хабарлайды.

27 июля 2026
ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын сапалы әрі жан-жақты іске асыру мақсатында, бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кестесіне сәйкес, 2026 жылғы шілде–тамыз айларында Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінде ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетінін хабарлайды.

03 марта 2026
Түсіндірме жұмыстары

26 ақпан 2026 жылы Қаржы басқармасында "Жаңа Конституция" жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

17 сентября 2025
Халықаралық инвестициялық форумы

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8

Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек

 

«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.

Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.

Форумның мақсаты:

Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.

Форумның міндеттері:

Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.

Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.

Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.

27 августа 2025
Басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы

Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2025 жылғы 27 тамызда басқарма қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауға кіріседі

 

19 августа 2025
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуеклдерін ішкі талдау жүргізу жөніндегі типтік ережелерге сәйкес, қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелерін қоғамдық талқылау басталғаны туралы хабарлайды.

08 августа 2025
Хабарландыру

Қаржы басқармасы 2025 жылғы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ кенті, Бейбітшілік көшесі, 1/1 үй мекенжайында орналасқан «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға тиесілі жылжымайтын мүлік объектісін сату бойынша электрондық сауда-саттық өтетінін хабарлайды.

Лотпен және қатысу шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://e-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auctions/347218/view.

21 июля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы 2025 жылдың 21 шілдесінен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге кіріседі.

 

02 июня 2025
Хабарландыру

 

2025 жылғы 10 және 12 маусым аралығында E-qazyna веб-порталының JEKEGE электрондық-цифрлық алаңында 24.09.2024 жылғы № 232 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті сату бойынша ашық аукциондық сауда-саттық өтеді.

Сатуға 14 бірлік көлік ұсынылады.

28 февраля 2025
Объявление

 

2025 жылғы 19 наурызда E-qazyna веб-порталының JEKEGE электрондық-цифрлық алаңында 24.09.2024 жылғы № 232 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті сату бойынша ашық аукциондық сауда-саттық өтеді.

Сатуға 45 бірлік көлік ұсынылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы