
2023 жылғы 1 қарашада қаржы басқармасының ұжымында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстарын есепке алу және мониторингілеу бөлімінің басшысы А. С. Шахметова " Қалай қаржы пирамидасының құрбаны болмауға болады?» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Түсіндіру барысында:
- қаржы пирамидасының негізгі белгілері;
- қаржы пирамидасын қалай тануға болады;
- қаржы пирамидасының желісінде болған жағдайда әрекет ету;
-қаржы пирамидасын құруға, қызмет жарнамасын таратуға жауапкершілік туралы түсініктеме берілді.
Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз (таныстарыңыз) қаржы пирамидасының құрбаны болса, сізге келесі органдарға дереу жүгіну қажет:
- тұрғылықты жері бойынша құқық қорғау органдарына:
1) ШҚО полиция департаменті;
2) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ("Fingramota Online" мобильдік қосымшасының "қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық" бөлімі арқылы немесе Call-орталықтың 1459 қысқа нөмірі бойынша қоңырау соғу.
3) ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті (сенім телефоны: 8(7232) 24-06-05).