
2022 жылғы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығында экскурсияда болып, «ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың ортасы Шығыс Қазақстан қазақтарының этнографиялық мұрасы» экспозициясымен танысты. Мұражай қызметкерлері қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті және тұрмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сонымен қатар біздің облыста театр өнерінің дамуына арналған көрмемен таныстырды.