Семинар туралы

Семинар туралы

2022 жылғы 25 наурызда қаржы басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.В. Окатенконың қатысуымен "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша семинар өтті. Семинар барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.