GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 июля 2026
Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы Nº139 қаулысының 4-тармағына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымы мен штат санының лимитінің кейбір мәселелері туралы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы болып өзгертілді.

25 июня 2026
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Басқарма мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы функцияларын орындайтын мемлекеттік орган болып табылады.

Қоғамдық тыңдау 2026 жылғы 26 маусымда сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 мекенжайында өтеді.

Талқылауға жұртшылық өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.

23 июня 2026
Мемлекеттік қызметші күні

Құрметті отандастар!
Құрметті әріптестер!

Сіздерді 23 маусым-Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл-мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмысы мен тиімділігін қамтамасыз етіп келе жатқан сала мамандарының кәсіби мейрамы.
Үлкен жауапкершілік жоғары кәсібилікті талап ететін жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін!
Қасиетті Отанымыздың абыройы асқақ, мәртебесі биіктей берсін!

Ізгі тілекпен: ШҚО мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Баирбеков Р.М.

26 мая 2026
Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу туралы

2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сатып алу рәсімдерін оңайлатуға, сондай-ақ саланы одан әрі цифрландыруға бағытталған «Мемлекеттік сатыпалу туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді.
Негізгі жаңалықтардың бірі мемлекеттік сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – Бірыңғай сатып алу платформасын құру болды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу веб-порталымен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алаңдарымен (goszakup.gov.kz, mitwork.kz, zakup.sk.kz)интеграцияланған Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды.
Реттелетін сатып алулар бойынша мәліметтерді талдау және шоғырландыру мақсатында, 2025 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім алушылардың тамақтануын сатып алу(goszakup.gov.kz) қызметтерінің рәсімдерін, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу порталын (fms.ecc.kz), медициналық ұйымдарға арналған сатып алу веб-порталын (med.ecc.kz), табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу алаңдарын (eurasiantech-tender.kz, caspytender.kz, zakup-besk.kz, etbemp.kz, ets-tender.kz, sic.kz, mp.kz, e-port.kz) интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталды.
Осымен, 2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелді.
Ағымдағы жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу алаңымен (tizilim.gov.kz) интеграциялауды қоса алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасының функционалдығын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарлануда.
Бұл шаралар «бір» терезе қағидаты бойынша барлық реттелетін сатып алуларға бірыңғай қолжетімділікті ұсыну арқылы пайдаланушылардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған.
Жалпы алғанда, Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу Қазақстанның сатып алу жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа модель рәсімдердің ашықтығын арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және сатып алу процесінің барлық қатысушылары үшін заманауи, ашық және тиімді ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

15 мая 2026
Хабарландыру: «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
  1. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 2026 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 1 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысты ұсыныстар, ескертулер немесе сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласуға болады:

    Телефон: 8 (7232) 700-233
    Электрондық пошта:
    gz_vko@mail.ru

    «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты — мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған өзара байланысты қағидаттар, рәсімдер мен іс-шаралар кешені.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаттары:
    — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
    — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің бұлтартпауын қамтамасыз ету;
    — қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттері:
    — сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептерді анықтау және жою;
    — қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тартылу тәуекелін төмендету;
    — қызметкерлер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
    — сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру;
    — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізу;
    — Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт — Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы болып табылады.

    Сенім телефондары:
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Call-орталығы – 1424
    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті – 8 (7232) 23-43-32
    Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы – 8 (7232) 24-32-99

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жұмыс істейді.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мекеме лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау

    Егер сіз мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының куәсі болсаңыз, төмендегі тәсілдер арқылы хабарлай аласыз:

    1. Телефон арқылы: +7 (7232) 700-233
    2. Жазбаша түрде мекенжайға: 070000, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 8 қабат, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ
    3. Электрондық пошта арқылы: gz_vko@mail.ru

     

07 апреля 2026
Конкурс

Коммуналдық мүлік бөлімінің бас маманына (ОКИ-6) https://eqyzmet.gov.kz сайтында бос орын жарияланады

07 апреля 2026
Конкурс

Бас маман-бас есепшісіне (УГЗВКО-5) https://eqyzmet.gov.kz сайтында бос орын жарияланады.

07 апреля 2026
Конкурс

Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманына (ОГЗТИУ-3) https://eqyzmet.gov.kz сайтында бос орындар жарияланады.

07 апреля 2026
Конкурс жарияланды

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманына (ОГЗР-4) https://eqyzmet.gov.kz сайтында бос орындар жарияланады.

06 апреля 2026
Хабарландыру

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманына (ОГЗР-3) https://eqyzmet.gov.kz сайтында бос орындар жарияланады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5081438872

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы