Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 12 айында "қарапайым заттар экономикасы" тауарларын сатып алу шеңберінде жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері бойынша ақпарат

Отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде облыста ай сайынғы негізде жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша мониторинг және бақылау жүзеге асырылады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша облыстың барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуға қайта бағдарланған.

Жергілікті қамту үлесінің фактісі бойынша деректер ай сайын жобалық кеңсеге әр айдың 2-күніне дейін ұсынылады.

Ағымдағы жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста «қарапайым заттар экономикасы» салаларының тауарлары бойынша тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) қол жеткізілді және мыналарды құрайды:

- жиһаз өнеркәсібі бойынша - 80% (KPI - 55%);

- жеңіл өнеркәсіп бойынша - 79% (KPI - 44%);

- құрылыс материалдары бойынша - 61% (KPI - 52%);

- тамақ өнеркәсібі бойынша - 86% (KPI - 55%);

- машина жасау бойынша - 76% (KPI - 14%);

- химия өнеркәсібі бойынша - 79% (KPI - 36%);

- фармацевтика өнеркәсібі бойынша - 61% (KPI - 32%);

- целлюлоза-қағаз өнеркәсібі бойынша - 78% (KPI - 54%).

12 айдың қорытындысы бойынша жергілікті қамту үлесінің жалпы көрсеткіші - 78% құрады.

Мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
02 марта 2022
Дата обновления
02 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 февраля 2024
Үлгі пішін үлгілері
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
13 мая 2022
Республикалық референдум 2022

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы