Меню

Страницы

Статья

Басқарма туралы ереже

1.Жалпы ережелер 

  1. «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Басқарма) мемлекеттік сатып алу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өзінің атауымен мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органында есеп шоттары болады.
  4. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. Басқарманың, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1.
  9. Мемлекеттік органының толық атауы – «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
  12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету.
  2. Міндеті:

мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру.

  1. Функциялары:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, сондай-ақ, облыс әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойыншамемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;

2) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;

3) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

4) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

6) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

7) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді;

8) заңнамада көзделген жағдайларда сотқа әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап жолдайды;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Басқарманың құқықтары:

  1. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды облыс басшылығының қарауына енгізу;
  2. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз өкілеттілігі шеңберінде кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізу;
  3. Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындау үшін заңды және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
  4.  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

         Басқарманың міндеттері:

  1. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер беру;
  2. заңды және жеке тұлғалар ресми сұраған жағдайда өз құзіреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беру;
  3. Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
  4. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

 

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ құжаттардың сапалы орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарма басшысының өкілеттігі:

          заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату; 

         заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асыру және оларға тәртіптік жаза белгілеу;

         мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіру;

         сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдау.

         Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

 4.Мемлекеттік органның мүлкі 

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. 

         Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлік есебінен қалыптастырылады.

  1. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
13 февраля 2020
Дата обновления
13 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 февраля 2024
Үлгі пішін үлгілері
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
13 мая 2022
Республикалық референдум 2022

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы