Меню

Страницы

Статья

2020 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат

"Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Басқарма) мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Сондай-ақ, Басқарма 2020 жыл ішінде облыстың Бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде ҚР ҚМ 2018 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы»                                          № 1127 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес сатып алуды жүзеге асырғанын атап өткіміз келеді.

Сонымен қатар, Басқарма «Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасын бекіту туралы  ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 2 қазандағы №732 қаулысына сәйкес орталықтандырылған сатып алу жобасын іске асырды. Жобаға облыстың 1504 ұйымы  (ММ, ҚМУ) қатысты.

Басқармамен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және облыстың қалалары/аудандары әкімдіктері үшін келесі рәсімдер жүргізілді:

1) 258 ашық конкурс;

2) арнайы тәртіпті қолданумен 140 конкурс;

3) 51 аукцион;

4) 11 баға ұсыныстарын сұрату;

5) біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін 151 конкурс.

2020 жылдың басындағы Басқарманың шығыстар лимиті 86 660,0 мың теңге көлемінде бекітілді.

001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына 84 932,0 мың теңге бөлінді. Қаражатты жұмсаудың негізгі бағыттары Басқармаға жүктелген функциялар мен өкілетіліктерді сапалы және уақтылы орындау үшін аппаратты қамтамасыз ету және ұстау (21 бірлік мемлекеттік қызметші және                     5 бірлік штаттан тыс қызметкер) болып табылады.

004 «Жекешелендіру, коммуналдық мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» бағдарламасына коммуналдық мүлікті бағалау және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау бойынша қызметтер көрсетуге 1 728,0 мың теңге бөлінді.

«Жергілікті атқарушы органдардың құрылымы мен штат санының лимиттерін өзгертудің кейбір мәселелері туралы» облыс әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 188 қаулысына сәйкес, 3-тармақтың 1-тармақшасы бойынша штат санының тиісті лимиттерімен бірге, облыстық коммуналдық меншікті басқару мәселелері жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер «ШҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нен «ШҚО қаржы басқармасы» ММ-не берілсін.

Жоғарыда баяндалғандай 7 штаттық бірлік (1 басқарма орынбасары,                             2 бөлім басшысы, 4 бас маман) қызметті ұстауға, қамтамасыз етуге (еңбекақы төлеу қоры, оқыту бойынша шығыстар, іссапар шығыстары, мемлекеттік мүлік деректеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қызметтер) және коммуналдық мүлікті бағалау бойынша қызметтер көрсетуге және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау бойынша қызметтерінің сомасы алынды.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы                             № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі №314 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 7 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы Әділет органында қайта тіркелді.

Бүгінгі таңда Басқарманың нақтыланған бюджеті 75 728,5 мың теңгені құрайды.

001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік активтер мен сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспары 75 275,5 мың теңгені тең.

Еңбекақы төлеу қоры әлеуметтік салық, әлеуметтік және медициналық сақтандыру аударымдарымен есептегенде 54 116,7,0 мың теңгені құрады.

2020 жылы мемлекеттік қызметшілердің ЕТҚ 50 244,7 мың теңгені құрады, оның ішінде 111 «Еңбекақы төлеу» ерекшелігі – 34 209,1 мың теңге, 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі - 5 462,0 мың теңге, 113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі -                        6 699,6 мың теңге, 121 «Әлеуметтік салық» ерекшелігі - 1 950,4 мың теңге,                                   122 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар» ерекшелігі- 1 159,0 мың теңге, 124 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар» ерекшелігі - 764,6 мың теңге.

Штаттан тыс қызметкерлердің ЕТҚ - ы 3 872,0 мың теңгені құрады, оның ішінде: 131 «Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу» ерекшелігі - 3 483,0 мың теңге, 135 «Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары" ерекшелігі -389,0 мың теңге.

Басқарманың «Өзге шығыстары» 21 158,8 мың теңге сомасына тең, оның ішінде:

- 123 «Міндетті сақтандыруға жарналар» ерекшелігі - 74,6 мың теңге.

Басқарма балансында 2 автокөлік құралы бар. Осы ерекшелік бойынша                         2020 жылға арналған шығыстар "көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі                                            № 446 Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес есептелген.

Сондай-ақ, "Сентрас Иншуранс "Сақтандыру Компаниясы" АҚ мердігер алдындағы кредиторлық берешегі үшін 23 583 теңге сомасында төлем жүргізілді.

- 136 «Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтік сапарлары» ерекшелігі - 390,5 мың теңге;

- 144 «Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу» - 1 517,7 мың теңге;

- 149  «Басқа қорларды сатып алу» ерекшелік - 1 075,9 мың теңге.                                        739,9 мың теңге сомасына қажетті тауарларды (кеңсе тауарларын) сатып алу,                             298,0 мың теңге сомасына А4 форматындағы қағазды сатып алу, 38,0 мың теңге сомасына мерзімді баспа басылымдарына жазылу;

- 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі-15 629,9 мың теңге, оның ішінде:

  1. a) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау – 907,1 мың теңге;
  2. b) негізгі құралдарды жөндеу және қызмет көрсету (ұйымдастыру техникасы және 2 автомашина) – 1 658,7 мың теңге;
  3. c) 1С бағдарламасын жаңарту және сүйемелдеу-308,6 мың теңге;
  4. d) кондиционерлерге қызмет көрсету-234,6 мың теңге;
  5. e) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету – 6 319,4 мың теңге;
  6. f) полиграфиялық қызметтер-134,7 мың теңге;
  7. g) антивирусты ұзарту-187,0 мың теңге;
  8. h) бағдарламаны сүйемелдеу бюджеттік жоспарлау - 759,8 мың теңге
  9. I) сүйемелдеу (ЭҚАБЖ) - 4 542,0 мың теңге;
  10. j) автокөлік құралдарын автожуу бойынша қызметтер – 201,0 мың теңге;
  11. k) сайтты сүйемелдеу және техникалық қолдау бойынша қызметтер-229,0 мың теңге;
  12. l) кілемдерді тазалау-148,0 мың теңге.

- 161 «Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар» ерекшелігі-962,1 мың теңге;

- 165 «Атқарушылық құжаттарды, сот актілерін орындау» ерекшелігі-                                         1 493,1 мың теңге.

- 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі-15,0 мың теңге (қоршаған ортаны ластағаны үшін, мемлекеттік баж).

004 «Жекешелендіру, коммуналдық мүлікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспары 453,0 мың теңгені құрайды. Бұл сомаға 9 автокөлік құралын бағалау, ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "Қалқымалы Өткел" ЖШС мүліктік кешенін бағалау, "Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысының гематология орталығы" жұмыс жобасы бойынша ЖСҚ бағалау, "Ұлан орталық аудандық ауруханасы" КМҚК теңгеріміндегі ауданы 954,12 ш. м. ғимараттың бір бөлігін бағалау, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратын бағалау, Шығыс қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі дәрігерлік амбулатория ғимаратын бағалау жүргізілді және бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдарды орналастыру жөніндегі қызметтер үшін ақы төленді.

 

Сводный отчет по расходам по 30.11.2020 по бюджетной классификации-718

Сводный отчет по расходам по 30.11.2020 по бюджетной классификации-733

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 февраля 2024
Үлгі пішін үлгілері
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
13 мая 2022
Республикалық референдум 2022

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы