"Қарапайым заттар экономикасы" тауарларды сатып алу шеңберінде жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері бойынша ақпарат» Бүгінгі күні отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама болып табылатын "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде облыста жиһаз, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі, химия және машина жасау өнімдері салаларының тауарлары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің сатып алуындағы жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда.
"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дағдарыстық жағдайлар кезеңінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібі әзірленді және бекітілді. Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінің 3-тармағына сәйкес тауарларды сатып алу жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган (ҚР индустриялық инфрақұрылымдық даму министрлігі) ұсынған мәліметтер негізінде отандық тауар өндірушілерден жүзеге асырылады, осылайша өңірдің барлық тапсырыс берушілері отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуға қайта бағдарланған.
2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша белгіленген негізгі тиімділік көрсеткішіне (KPI) қол жеткізу үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижелері:
|
2020 жылғы 2 қарашадағы жағдай бойынша деректер (10 айға) |
|||||
|
Атауы |
Жоспар, млн. тенге |
Нақты, млн. тенге |
KPI-дің 2020 жылға арналған көрсетілімі (%) |
Нақты ЖҚҮ (%) |
KPI жоспарының орындалуы (%) |
|
Жиһаз өнеркәсібі
|
192,8 |
189,0 |
54,5 |
80 |
-25,5 |
|
Жеңіл өнеркәсіп
|
1103,5 |
1101,3 |
44 |
86 |
-42,0 |
|
Құрылыс материалдары
|
315,9 |
298,9 |
52,2 |
74 |
-16,8 |
|
Тамақ өнеркәсібі
|
1 140,8 |
1 107,2 |
- |
71 |
- |
|
Машина жасау
|
87,8 |
86,8 |
14 |
57 |
-43,0 |
|
Химия өнеркәсібі
|
154,0 |
148,1 |
- |
68 |
- |
"Қарапайым заттар экономикасы" тауарлары салалары бойынша барлық белгіленген нысаналы индикаторларды орындауға қол жеткізілді.
Бүгінгі күні сатып алу бойынша жоспарланған қаражат қалдығы 63,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
- жиһаз өнеркәсібі бойынша-3,8 млн. теңге,
- жеңіл өнеркәсіп бойынша-2,2 млн. теңге,
- құрылыс материалдары бойынша-17,0 млн.теңге.
- тамақ өнеркәсібі бойынша-33,6 млн.теңге.
- машина жасау бойынша-1,0 млн.теңге.
- химия өнеркәсібі бойынша - 5,9 млн.теңге.