Меню

Страницы

Статья

«Қарапайым заттар экономикасы» тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері бойынша ақпарат

Ағымдағы жылы 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізіліп, бұл  мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық салаларына, оның ішінде мемлекеттік сатып алуларға да әсер етті.

         Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің                  2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы»  Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дағдарыстық жағдайлар кезеңінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібі әзірленіп, бекітілді. Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібінің 3-тармағына сәйкес тауарларды сатып алу жергілікті қамтуды дамыту саласындағы уәкілетті орган (ҚР индустриялық инфрақұрылымдық даму министрлігі) ұсынған мәліметтер негізінде отандық тауар өндірушілермен жүзеге асырылады, сол арқылы өңірдің барлық тапсырыс берушілері отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуға бағытталады.

2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша белгіленген негізгі тиімділік көрсеткішіне (KPI) қол жеткізу үшін жүргізілген жұмыстардың нәтижелері:

 

2020 жылғы 2 қыркүйектегі мәліметтер (8 ай бойынша)

 

Атауы

Жоспар, млн. тенге

Нақты, млн. тенге

KPI-дің 2020 жылға арналған көрсетілімі (%)

Нақты ЖҚҮ (%)

KPI жоспарының орындалуы (%)

Жиһаз өнеркәсібі

134,5

128,1

54,5

70

-15,5

Жеңіл өнеркәсіп

516,2

473,5

44

78

-34,0

Құрылыс материалдары

311,4

279,7

52,2

65

-12,8

Тамақ өнеркәсібі

1 119

1050

-

62

-

Машина жасау

78,2

71,3

14

48

-34,0

Химия өнеркәсібі

103,4

93,3

-

61

-

 

 

Бүгінгі күні сатып алу бойынша жоспарланған қаражат қалдығы          166,7 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:

- жиһаз өнеркәсібі бойынша-6,4 млн. теңге,

- жеңіл өнеркәсіп бойынша-42,6 млн. теңге,

- құрылыс материалдары бойынша-31,7 млн.теңге,

- тамақ өнеркәсібі бойынша - 69,0 млн.теңге,

- машина жасау бойынша-6,9 млн.теңге,

- химия өнеркәсібі бойынша-10,1 млн. теңге.

Бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларының салалары бойынша белгіленген нысаналы индикаторларды орындауға қол жеткізілді.

Жыл қорытындысы бойынша жеңіл, жиһаз, тамақ, химия өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс материалдары өнімдерін сатып алу бойынша ақшалай қаражатты толық игеру күтілуде.

Дата публикации
17 сентября 2020
Дата обновления
17 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 февраля 2024
Үлгі пішін үлгілері
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
13 мая 2022
Республикалық референдум 2022

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы