Басқарманың миссиясы - мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруды қамтамасыз ету.
Міндеті - мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру.
Функциялары:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін, сондай-ақ, облыс әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойыншамемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функциясын жүзеге асырады;
2) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;
3) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
4) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
5) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
6) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
7) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді;
8) заңнамада көзделген жағдайларда сотқа әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылары деп тану туралы талап жолдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.