Салыстырмалы кесте «Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

№

"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру"қағидаларының тармағы

Ескі редакцияда

Жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 863 бұйрығымен бекітілген (ҚР ӘМ 2021 жылғы 26 тамызда № 24120 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген).

1

174 тармақ

Егер әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған қатысуға өтiнiмнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.

Егер әлеуетті өнім берушінің жұмыстарға арналған қатысуға өтінімнің бағасы техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшін) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада (жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжат) көрсетілген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, ол демпингтік болып танылады.

Дата публикации
07 октября 2021