🔥 Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жедел желі
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде тұрмыста және жұмыс орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және ақпараттандыру мақсатында «жедел желі» өз жұмысын бастады.
Мамандар Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіруге және өрттің алдын алу бойынша ұсынымдар беруге дайын.
📞 Жедел желі телефоны: 8-(72-331)-2-24-83
Жұмыс режимі:
📅 Бес күндік жұмыс аптасы
⏰ 09:00-ден 18:30-ға дейін
🍽️ Үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін
9 қазанда «Қауіпсіз және салауатты еңбек ортасы – еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық» тақырыбында өткен кеңесте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Жұмысшылар арасында кәсіптік аурулардың алдын алу, мерзімдік медициналық қарап-тексеруден уақтылы өту, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіптік аурулардың алдын алу және жұмысшылардың денсаулығын сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру қажеттігі атап өтілді.
«Dengbo Success Minerals Ltd» ЖК «Ново-Березовское» кен орны бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарына» кешенді экологиялық рұқсат алу материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Әсер етуі мүмкін аумақ: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Веселовка ауылдық округі, Заречное ауылы.
Учаскенің бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары: Шығыс бойлық: 1) 82°13‘0‘‘, 2) 82°13‘0‘‘, 3) 82°13‘9‘‘,4) 82°13’49,47‘‘, 5) 82°13‘0‘‘, 6) 82°12‘52,9‘‘ 7) 82°12‘ 20,59‘‘. Солтүстік ендік: 1) 50°19‘0‘‘ 2)50°19‘ 11,576‘‘ 3) 50°19‘8,2‘‘ 4) 50°18’22,22‘‘ 5) 50°18’11,07‘‘, 6) 50°18’44,6‘‘ 7) 50°19‘0‘‘.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 6 қарашада сағат 14:00-де келесі мекенжайда өтеді: ШҚО, Глубокое ауданы, Веселовка ауылдық округі, Заречное ауылы., Заречное ауылы, Орталық көшесі, 26, жергілікті әкімдік ғимараты. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция режимінде онлайн түрде қолжетімді болады: https://us05web.zoom.us/j/88183894703?pwd=kIfVd1GBOnFIIAWuHmkW7izegra9Mp.1 Конференция идентификаторы: 881 8389 4703 Қол жеткізу коды: 0djmpe
Тапсырыс беруші-инициатор: «Dengbo Success Minerals Ltd» Жеке компаниясы, Мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 21/1 үй, 5-тұрғын емес үй-жай, пошта индексі Z05T2K5, БСН: 241140901011, ЖСК: KZ698562203142352053, ЦЗИНЬ ШЭН, тел. +7 702 987 8858.
Жоба бойынша құжаттама https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар https://ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru, d.babakanova@akimvko.gov.kz. электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты жоба әзірлеушісінен алуға болады: «РУДПРОЕКТ» ЖШС, Астана қ., М. Жұмабаев даңғылы, 8, 2-қабат, тел.: 8 777 118 1401, e-mail: rudproject@mail.ru.
«Dengbo Success Minerals Ltd» ЖК «Ново-Березовское» кен орны бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарына» ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Әсер етуі мүмкін аумақ: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Веселовка ауылдық округі, Заречное ауылы.
Учаскенің бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары: Шығыс бойлық: 1) 82°13‘0‘‘, 2) 82°13‘0‘‘, 3) 82°13‘9‘‘,4) 82°13’49,47‘‘, 5) 82°13‘0‘‘, 6) 82°12‘52,9‘‘ 7) 82°12‘ 20,59‘‘. Солтүстік ендік: 1) 50°19‘0‘‘ 2)50°19‘ 11,576‘‘ 3) 50°19‘8,2‘‘ 4) 50°18’22,22‘‘ 5) 50°18’11,07‘‘, 6) 50°18’44,6‘‘ 7) 50°19‘0‘‘.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 6 қарашада сағат 11:00-де келесі мекенжайда өтеді: ШҚО, Глубокое ауданы, Веселовка ауылдық округі, Заречное ауылы, Орталық көшесі, 26, жергілікті әкімдік ғимараты. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция режимінде онлайн түрде қолжетімді болады: https://us05web.zoom.us/j/81431710227?pwd=dhXt0L5m9tYGAAdaSWMblibTZronNp.1 Конференция идентификаторы: 814 3171 0227 Қол жеткізу коды: 0NDLB9
Тапсырыс беруші-инициатор: «Dengbo Success Minerals Ltd» Жеке компаниясы, Мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 21/1 үй, 5-тұрғын емес үй-жай, пошта индексі Z05T2K5, БСН: 241140901011, ЖСК: KZ698562203142352053, ЦЗИНЬ ШЭН, тел. +7 702 987 8858.
Жоба бойынша құжаттама https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар https://ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru, d.babakanova@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты жоба әзірлеушісінен алуға болады: «РУДПРОЕКТ» ЖШС, Астана қ., М. Жұмабаев даңғылы, 8, 2-қабат, тел.: 8 777 118 1401, e-mail: rudproject@mail.ru.
Хабаландыру
«Dengbo Success Minerals Ltd» ЖК «Ново-Березовское» кен орны бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарына» кешенді экологиялық рұқсат алу материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Әсер етуі мүмкін аумақ: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Верхнеберезовка кенттік әкімдігі, Верхнеберезовка кенті.
Учаскенің бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары: Шығыс бойлық: 1) 82°13‘0‘‘, 2) 82°13‘0‘‘, 3) 82°13‘9‘‘,4) 82°13’49,47‘‘, 5) 82°13‘0‘‘, 6) 82°12‘52,9‘‘ 7) 82°12‘ 20,59‘‘. Солтүстік ендік: 1) 50°19‘0‘‘ 2)50°19‘ 11,576‘‘ 3) 50°19‘8,2‘‘ 4) 50°18’22,22‘‘ 5) 50°18’11,07‘‘, 6) 50°18’44,6‘‘ 7) 50°19‘0‘‘.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 5 қарашада сағат 14:00-де келесі мекенжайда өтеді: ШҚО, Глубокое ауданы, Верхнеберезовка кенттік әкімдігі, Верхнеберезовка кенті, Калинин көшесі 5, Верхнеберезовка орта мектебі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция режимінде онлайн түрде қолжетімді болады: https://us05web.zoom.us/j/81753842220?pwd=nmQZbE8JtHLfxt52sPXrogbZBpCfN3.1
Конференция идентификаторы: 817 5384 2220 Қол жеткізу коды: 5IMxL3
Тапсырыс беруші-инициатор: «Dengbo Success Minerals Ltd» Жеке компаниясы, Мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 21/1 үй, 5-тұрғын емес үй-жай, пошта индексі Z05T2K5, БСН: 241140901011, ЖСК: KZ698562203142352053, ЦЗИНЬ ШЭН, тел. +7 702 987 8858.
Жоба бойынша құжаттама https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар https://ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru, d.babakanova@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты жоба әзірлеушісінен алуға болады: «РУДПРОЕКТ» ЖШС, Астана қ., М. Жұмабаев даңғылы, 8, 2-қабат, тел.: 8 777 118 1401, e-mail: rudproject@mail.ru.
Хабаландыру
«Dengbo Success Minerals Ltd» ЖК «Ново-Березовское» кен орны бойынша тау-кен жұмыстарының жоспарына» ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді.
Әсер етуі мүмкін аумақ: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Верхнеберезовка кенттік әкімдігі, Верхнеберезовка кенті.
Учаскенің бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары: Шығыс бойлық: 1) 82°13‘0‘‘, 2) 82°13‘0‘‘, 3) 82°13‘9‘‘,4) 82°13’49,47‘‘, 5) 82°13‘0‘‘, 6) 82°12‘52,9‘‘ 7) 82°12‘ 20,59‘‘. Солтүстік ендік: 1) 50°19‘0‘‘ 2)50°19‘ 11,576‘‘ 3) 50°19‘8,2‘‘ 4) 50°18’22,22‘‘ 5) 50°18’11,07‘‘, 6) 50°18’44,6‘‘ 7) 50°19‘0‘‘.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 5 қарашада сағат 11:00-де келесі мекенжайда өтеді: ШҚО, Глубокое ауданы, Верхнеберезовка кенттік әкімдігі, Верхнеберезовка кенті, Калинин көшесі 5, Верхнеберезовка орта мектебі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.
Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция режимінде онлайн түрде қолжетімді болады: https://us05web.zoom.us/j/83927905456?pwd=DHoAuPa1q7fHgLocWjGZ7xFeLOiCgb.1 Конференция идентификаторы: 839 2790 5456 Қол жеткізу коды: 7WBjUN.
Тапсырыс беруші-инициатор: «Dengbo Success Minerals Ltd» Жеке компаниясы, Мекенжайы: Астана қ., Есіл ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 21/1 үй, 5-тұрғын емес үй-жай, пошта индексі Z05T2K5, БСН: 241140901011, ЖСК: KZ698562203142352053, ЦЗИНЬ ШЭН, тел. +7 702 987 8858.
Жоба бойынша құжаттама https://ndbecology.gov.kz/ сайтында және «Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru сайтында орналастырылған.
Ескертулер мен ұсыныстар https://ndbecology.gov.kz сайтында, сондай-ақ https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tabigat?lang=ru, d.babakanova@akimvko.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты жоба әзірлеушісінен алуға болады: «РУДПРОЕКТ» ЖШС, Астана қ., М. Жұмабаев даңғылы, 8, 2-қабат, тел.: 8 777 118 1401, e-mail: rudproject@mail.ru.
Әйелдер арасында «Қалқан» нысанасы бойынша дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ажар Төлеуканова жеңіске жетіп, 1-орынға ие болды!
Ажарды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алда жаңа жеңістер, жарқын өнер көрсетулер және биік спорттық жетістіктер тілейміз!
Барлық мемлекеттік қызметшілер үшін АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде жауапты әрі әдепті мінез-құлық таныту қажеттігіне назар аударамыз.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер кең көлемде ақпарат тарату алаңы болып табылады. Онда орналастырылған жеке жарияланымдар, фотосуреттер, бейнематериалдар, пікірлер, мәртебелер (статустар) және өзге де ақпараттар көпшілікке қолжетімді болып, мемлекеттік қызметші туралы пікір қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде келесі қағидаларды сақтау ұсынылады:
1. Жеке және ресми аккаунттарды ажырату.
Мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің және лауазымды тұлғалардың ресми парақшалары тек қызметтік ақпаратты өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде орналастыру үшін пайдаланылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің жеке парақшасы оның жеке ақпараттық кеңістігі болып табылады. Алайда оның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Бұл ретте парақшада «жеке парақша» деген белгі қою немесе жарияланған пікірдің жеке көзқарас болып табылатынын көрсету мемлекеттік қызметшіні заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау міндетінен босатпайды.
2. Жарияланымдарды, фотосуреттерді, бейнематериалдар мен мәртебелерді (статустарды) орналастыруға жауапкершілікпен қарау.
Әлеуметтік желілерде:
* мемлекеттік қызметтің немесе мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін;
* мемлекеттік қызметшінің кәсіби және моральдық-әдептік қасиеттері туралы теріс пікір қалыптастыратын;
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына қайшы келетін;
* мүдделер қақтығысының туындауына негіз болатын;
* балағат, қорлайтын, арандатушылық немесе адамның қадір-қасиетін кемсітетін сипаттағы;
* мемлекеттік қызметшінің жоғары мәртебесіне сәйкес келмейтін мінез-құлықты көрсететін;
* қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді немесе көпшілікке жариялауға арналмаған қызметтік ақпаратты қамтитын материалдарды орналастырудан аулақ болған жөн.
Мәртебелерге (статустарға), Stories форматындағы жазбаларға, фотосуреттер мен бейнематериалдарға ерекше назар аудару қажет, себебі қысқа уақытқа орналастырылған ақпараттың өзі басқа пайдаланушылар тарапынан сақталып, таратылып, қоғамдық талқылауға түсуі мүмкін.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қайшы келетін жарияланымдарға жол бермеу.
Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желілерде қымбат тұратын заттарды, сән-салтанатты, демалысты және өзге де материалдық игіліктерді олардың алынуының заңды көзі анық көрсетілмеген жағдайда көрсетуі азаматтардың тарапынан негізді сұрақтар туындатып, мемлекеттік қызметшінің беделіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескеруі қажет.
Әлеуметтік желілерді мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін коммерциялық қызметті, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жарнамалау немесе ілгерілету мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
Сондай-ақ қызметтік жағдайын, лауазымын, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік органның ресурстарын немесе мемлекеттік органның беделін жеке мүддесіне пайдаланғандай әсер қалдыратын жарияланымдардан аулақ болу қажет.
4. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау.
Әлеуметтік желілерді жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілер мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы қажет:
* адалдық;
* әділдік;
* шынайылық;
* азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
* әдептілік және ұстамдылық;
* объективтілік;
* өз әрекеттері мен пікірлері үшін жауапкершілік.
Азаматтармен, әріптестермен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен жария түрде жанжалға түсуге, балағат сөздер айтуға, қорқытуға, кемсітуге, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарына сәйкес келмейтін нысанда интернеттегі пікірталастарға қатысуға жол бермеу қажет.
5. Мемлекеттік қызметшінің мәртебесін есте сақтау.
Мемлекеттік қызметші ресми немесе жеке аккаунтты пайдаланғанына қарамастан, оның әлеуметтік желілердегі жария мінез-құлқы өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органмен байланыстырылуы мүмкін екенін түсінуі тиіс.
Кез келген материалды жарияламас бұрын өзіңізге мынадай сұрақтар қойған жөн:
Бұл заңнама талаптарын бұзбай ма?
Бұл Әдеп кодексіне қайшы келмей ме?
Жарияланым лауазымды жеке мүддеге пайдалану туралы түсінік қалыптастырмай ма?
Ол мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсер етуі мүмкін бе?
Мен бұл жарияланымның мазмұнын басшылық пен азаматтарға түсіндіруге дайынмын ба?
Күмән туындаған жағдайда мұндай жарияланымды орналастырудан бас тартқан жөн.
Мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауы тек жұмыс уақытында және қызметтік міндеттерін орындау кезінде ғана емес, сонымен қатар олардың ақпараттық кеңістіктегі жария мінез-құлқына да қатысты екеніне назар аударамыз. Бұл ретте мұндай мінез-құлық мемлекеттік қызметтің беделіне және заңнамада белгіленген шектеулерге әсер етпеуі тиіс.
Мемлекеттік органдар мен аппараттардың басшыларына осы ақпараттық хатты барлық мемлекеттік қызметшілерге жеткізуді және тиісті профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.
Осы ұсынымдардың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерді пайдалану құқығын шектеу емес, жауапты цифрлық мінез-құлықты қалыптастыру, әдептік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметтің жоғары беделін сақтау.
2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында дәстүрлі спорт түрлерінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін дәріптеп, әлемнің әр түкпірінен келген спортшыларды біріктіретін ауқымды халықаралық спорттық іс-шара — VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде.
Глубокое ауданы үшін ерекше мақтанышқа айналған жеңіс — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінің тұрғыны, жерлесіміз Қабдоллаева Аяш Советбекқызының дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының намысын абыроймен қорғап, алтын медаль иеленуі.
60 метр қашықтықтағы жарыста Аяш жоғары шеберлігін, дәлдігі мен сабырлылығын көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті және алтын медальді жеңіп алды.
Әйелдер арасындағы садақ атудан жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын — Қазақстан
🥈 2-орын — Қырғызстан
🥉 3-орын — Ресей.
Аяштың осы спорт түрінен бақ сынаған 51 елдің спортшылары арасынан жеңімпаз атануының маңызы ерекше.
Бұл жеңіс — спортшының жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар Глубокое ауданы, Шығыс Қазақстан облысы және бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш. Ол қазақстандық спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығын айқын көрсетіп, ұлттық спорт түрлерін дамытуға және кеңінен насихаттауға қосылған зор үлес болды.
Әрбір спорттық жетістіктің артында спортшының ғана емес, оның жаттықтырушыларының да орасан зор еңбегі жатыр. Чемпионды дайындауға қосқан кәсіби үлесі, шыдамдылығы, еңбегі мен қажыр-қайраты үшін жаттықтырушылар Төлеуқанова Ажар Рахметқызына және Қабдоллаев Бақытбек Төлеуқанұлына ерекше алғысымызды білдіреміз.
Аяш Советбекқызын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер және халықаралық аренада әлі талай жарқын жеңістер тілейміз!
Глубокое ауданы Сіздей жерлесімізбен мақтанады!
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биыл байқауға қатысу үшін 163 отбасы құжат тапсырды. Облыстық кезеңге Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарынан 13 отбасы қатысты. Әр отбасы өздерінің өнегелі отбасылық өмірін, еңбекқорлығын, өзара түсіністігін, берік отбасылық дәстүрлерін және ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісін көрсетті.
Облыстық кезеңде Глубокое ауданынан қатысқан Құрмашевтер отбасы жүлделі III орынға ие болды!
Құрмашевтер отбасын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, өзара түсіністік, бақыт және жаңа жетістіктер тілейміз!
Әр шаңырақта сүйіспеншілік, сыйластық пен жылулық орнасын! Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!