
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрі 2024 жылғы 31 шілдедегі № 288 бұйрығымен Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу жаңа қағидалары бекітілді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші
жұмыс беруші жеке тұлғамен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы (egov.kz) немесе migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды береді.
Көрсетілетін қызмет беруші еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру немесе
ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде аумақтық ішкі істер органдарымен келіседі.
Рұқсатты беру немесе ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту
туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы паспорттық деректерді көрсетіп және біліктілігі, дағдылары мен жұмыс өтілі туралы мәліметтерді толтырып, тіркеуді migration.enbek.kz-да жүзеге асырады.
Жұмыс берушілер шетелде жүрген, migration.enbek.kz есептік жазбасы
бар еңбекші көшіп келушілерді іздестіруді бос жұмыс орындары enbek.kz-да жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күн өткен соң ғана жүзеге асырады.
Мigration.enbek.kz арқылы рұқсат беру көрсетілетін қызметті алушы
жұмыс берушімен Қазақстан Республикасында еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімге қол қойған кезде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға (еңбекші көшіп келуші) рұқсат
көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген жұмыс берушінің меншік құқығындағы жылжымайтын мүлік мекенжайы сәйкес келген кезде беріледі.
Ұзартуға өтініш күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және еңбекші көшіп келушіге қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірілмей беріледі.
Өтініш қолданыстағы рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік
5 (бес) күннен кешіктіріліп берілсе рұқсат ұзартылмайды.
12 (он екі) ай мерзімге рұқсат алған не ұзартуларды ескере отырып,
рұқсаты 12 (он екі) айға жеткен көрсетілетін қызметті алушы қолданыстағы рұқсаттың мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде жаңа рұқсатқа өтініш береді.
Рұқсат көрсетілетін қызметті алушының рұқсатты беруге немесе ұзартуға арналған өтінішінде көрсетілген мерзімге беріледі және 1 (бір) айдан
12 (он екі) айға дейін болуы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзартуды ескере отырып, ең ұзақ мерзім 12 (он екі) айдан аспайды.
Рұқсат алған еңбекші көшіп келушіні тартатын жұмыс беруші еңбек
шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасында көзделген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді не «hr.enbek.kz» веб-порталында еңбек шартын жасасады.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Рұқсат алу кезінде:
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
Рұқсат алу кезінде:
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:
6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі;
Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде:
еңбекші көшіп келушіменжұмысберушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекшікөшіп келушіге рұқсатұзартутуралыөтініш;
Қазақстан Республикасының салықзаңнамасынасәйкесжекетабыссалығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері;
соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және «Бірыңғай сақтандыру дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі.