
Қаруды сатып алғаннан кейінгі сақтау талаптары. Азаматтар қаруды өзге адамдар қол сұқпайтын бөлмеде, қалыңдығы 3мм. кем емес темір жәшікте (сейф) сақтайды. Темір жәшік еденге, не болмаса қабырғаға мықтап бекітілуі тиіс. Қару иесі күнделікті өзін-өзі қорғау мақсатында газды тапанша, электрошокер алып жүруіне рұқсат етіледі. Бірақ ашық түрде емес, арнайы қорабында болуы керек. Қару иелері тұрғылықты үйінен ұзақ уақытқа іс-сапарға, демалысқа, емделуге, оқуға немесе саяжайларға кеткенде, қаруды жергілікті полиция бөліміне уақытша сақтауға қалдыруы тиіс. Қару алуға немесе сақтап алып жүруге рұқсат құжат тек қана электронды үкімет сайты арқылы өтініш бере алады www.egov.kz.. Жылына кемінде бір рет тұрғылықты жері бойынша полиция қызметкерлері қару иесінің үйіне келіп қару сақтау жағдайын тексереді. Қару иесі инспекторды үйіне кіргізіп, қару сақтау жағдайын полицейге көрсетуге міндетті. Қаруға рұқсат 5 жылға беріледі. Рұқсат мерзімі аяқталардан бір ай бұрын қару иесі полиция бөліміне барып, өтініш білдіруі тиіс. Глубокое АПБ қару иелеріне үй ұрлығын алдын алу мақсатында дабыл түймесін орнатуыды ұсынады немесе күзет агенттігімен келісімшартқа отыруды ұсынады.