Аталған іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жалпы, 2016 жылдан бастап соттар терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 236 тұлғаны соттады, соның ішінде 147-і бас бостандығынан айырылды. Шұғыл қызметтердің жалған шақыруымен келтірілген материалдық залал кінәлілерден өндірілді.
Қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі қылмыстың іздерін жасыру үшін кейбір жағдайларда жалған хабарламалар шетелдегі электрондық пошталар мен серверлерден жіберілетінін көрсетті.
Осындай ақпараттық шараның мақсаты – елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және халықты қорқыту.
Көрсетілгендердің негізінде аудан прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды қырағы болуға шақырады.
Терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламалар таратпауы және орналастырудың жолын кесуі, мұндай хабарламалардың авторларына жәрдем көрсетпеуі қажет.
Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы мәліметтер болған кезде құқық қорғау және арнайы органдарға дереу хабарлауды сұраймыз.