Астықты өрттен аман сақтап қалайық

Астықты өрттен аман сақтап қалайық

Астық жинау кезінде өрттердің көп тараған себебі астық алқаптарында отты абайсыз қолдану болып табылады. Глубокое ауданының ТЖБ агроқұрылым басшыларына егін жинау және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Өйткені болмашы ғана тұтану алапат өртке әкеліп, елеулі материалдық шығынға, кейде адам өліміне де алып келуі мүмкін. Астық жинау кезінде: техникалық ақауы бар ауылшаруашылық техникасын пайдалануға, егін алқаптарында, соның ішінде астық жиналып қойған жерлерде шөп өртеуге, от жағуға, темекі тұқылдарын тастауға қатаң тыйым салынады. Егер апаттан құтылу мүмкін болмай, өрт шықса, дереу 101 және 112 нөмірі бойынша өрт-құтқару қызметіне хабарлау керек, содан кейін жалынның одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт ошағының айналасындағы жерді жыртуға кірісу керек.

Глубокое ауданының ТЖБ