
04 мамырда сағат 12: 10-да Белоусовка кентінің№24 ӨСБ өрт сөндірушілері Белоусовка к., Куйбышев көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйдегі өрт туралы хабарламаға шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бес минут ішінде келді. Осы уақытқа дейін үй шатырының көлденең жабыны ашық жалынмен жанып жатты, от тұрғын үйдің шатырына өтіп үлгерді, оттың көрші үйге де таралу қаупі туындады. Көршілердің айтуынша, оқиға орын алған кезде үйде ешкім болған жоқ, бір күн бұрын көршісі кауәп қуырып, мангалдағы шоқты сөндірмей тастап кетті, жел ұшқынды құрғақ шөпке түсірді, одан шыққан жалын барып шыршаға ауды, шыршадан от шатырға лақтырылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының, қабылданған шаралардың арқасында үйдің барлық тұрғын бөлігін қорғауға қол жеткізілді, өрт бөлімше келген сәттен бастап 10 минут ішінде жедел жойылды және қаза мен залалсыз жойылды.
Бір жағынан «кесапат кәуапшінің» көршісі, бір жағынан көрші үйдің иесі өзінің бейне үндеуінде Белоусовка кентінің №24-ӨСБ өрт сөндірушілеріне өзінің алғысын бейнеролик арқылы жариялауға ниет білдірді.
Глубокое ауданының ТЖБ осы және басқа да оқиғалар көбінесе азаматтардың өздерінің бейқамдықтарынан орын алатынын еске салады. Өзіңізді және жақындарыңызды қиындықтан қорғау үшін келесі ережелерді қатаң сақтау керек:
- үй маңындағы аумақтардан құрғақ шөптер мен тұрмыстық жанғыш қалдықтарды жинау;
- Электрмен дәнекерлеу және ашық отты қолданумен байланысты басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігінің барлық нормалары мен ережелерін қатаң сақтауға;
- елді мекендердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың аумағында құрғақ шөп пен жанғыш қоқысты өртемеу ;
- темекі тұқылдары бұл үшін қатаң бөлінген орындарға тасталуын және мұқият сөндірілуін қамтамасыз ету;
- балаларға сіріңкемен ойнауға рұқсат бермеу.
Өрт болған жағдайда «101» және «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлау керек!!!
Глубокое ауданының ТЖ бөлімі