
«Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жоспарына сәйкес, «Глубокое – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Р.Әділбаева Тарханка ауылдық округі әкімі аппараты есепшісінің- бас маманы Е.В.Иванованың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.
Құрылғыда 8 штаттық қызметкер және 2 техникалық қызметкер жұмыс істейді.
Қоғамдық бақылау барысында бухгалтерлік есеп жүргізу үшін жеке кабинет қарастырылғаны және барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталғаны анықталды.
2022 жылға барлық сала бойынша бюджет қаражатының жалпы жылдық көлемі 126 940 02 мың теңге бөлінген:
Оның ішінде аппарат әкімдігінің қызметін қамтамасыз етуге 45 320 мың теңге.,
Жарықтандыруға 16130 мың теңге, оның 528 мың игерілді
Санитарлық тазалауға 764 мың теңге бөлінді
Ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру 364 мың теңге
Автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және күтіп ұстау 17 300 мың тенге, оның 1 300 мыңы игерілді.
1385 мың сумен қамтуға жұмсалған оның 505 мыңы игерілді
Күрделі шығындарға 10 млн.теңге бөлінді.
Күрделі және орташа жолдарды жөндеуге 40 млн. теңге бөлінді
Барлық бюджеттік қаражаттар ашық бюджеттер порталында орналастырылған және олардың мақсатты жұмсалуын әрбір азамат бақылай алады.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жоқ. Есепшінің жұмысына шағым түскен жоқ.