Предгорное ауылының активімен кездесу өтті

Предгорное ауылының активімен кездесу өтті

2021 жылдың 07 маусым күні Краснояр ауылдық округінде Предгорное ауылының активімен кездесу ұйымдастырылды.
Шараға Глубокое ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Глубокое - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Р.К. Әділбаева, Краснояр ауылдық әкімдігіні аппараты, қоғамдық кенесінің төрағасы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.
Іс шара барысында Р. Әділбаева 20 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойылғаны туралы айтты. Заң сәуірдің 5-інен бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған Заң аясында әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау құзіреті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бекітілді. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу – жемқорлық көріністерінің алдын алудың тиімді құралы.
Агенттіктің тиісті функциясы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Ережеде де көзделген.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада орындауға міндетті талаптар мен шаралардың ауқымы өте кең.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау, мүдделер қақтығысын болдырмау, қаржылық бақылау шаралары, басшылардың тікелей қарамағындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі және т.б. мәселелер.
Глубокое ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, "Глубокое - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Р.К. Әділбаева адалдық қағидатын сақтау қажеттілігі туралы атап өтті, сонымен қатар ол қатысушыларды мемлекеттік қызметшілерге тән этикалық нормаларды сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға, қоғаммен бірлесіп сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды.
Қорытындылай келе, Роза Касиевна еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету,қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету - біздің басты міндетіміз екенін айтты.