
2021 жылдың 08 маусымында Верхнеберезовка орта мектебінің мұғалімдер ұжымымен "Глубокое - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Р.К. Әділбаевамен "парасаттылық"тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Ол "Глубокое - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі туралы және жобалық кеңсенің негізгі миссиясы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылатыны туралы айтты.
Осы кездесудің мақсаты: аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті белсенді қалыптастыруға ықпал ету, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Роза Касиевна сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің еліміздің басымдықтарының бірі болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты жергілікті жерлерде іске асыруға және адамдардың санасында осы құбылысты жою бойынша нақты іс-қимылдар қабылдауға міндетті екенін ерекше атап өтті