
«Шығыс -Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында «Глубокое -Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Р.Әділбаева мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін бақылау және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алу үшін Ертіс ауылдық округіне барды.
«Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлық мемлекеттік қызметтер ақысыз түрде көрсетіледі. 2021 жылдың 1 тоқсанында ауылдық округ әкімінің аппараты 29 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде білім беру мекемелеріне және үйге жеткізу -19, жер учаскелеріне құқықтар алу-6, бас тарту-2.
Қызмет алу процесін жеңілдету және халыққа қызмет көрсету орталығына бармау мақсатында, ауылдық округ әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше немесе ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен ала алады, ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.
Ауылдың әрбір тұрғыны өзіне және ЭЦҚ-ға тапсырыс бере алады. 2021 жылдың басынан өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 1446 түрлі анықтамалар берілді. "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру" — 488; "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" — 2.Наркологиялық ұйымнан анықтама беру-18, Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру-18,сотталмағандығы туралы анықтама беру-18,ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру-800, ЭЦҚ рәсімдеу-42, бала тууды тіркеу-2, медициналық ұйымға тіркеу - 16, Мұрағаттық анықтама алуға өтінім беру-30, және басқалар -14
Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпарат бар стенд орналастырылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты адам туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде).
Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын арттыру үшін ауылдық округ тұрғындарымен түсіндіру әңгімелері, кездесулер өткізіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша брошюралар таратылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым жоқ.