Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2 - V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасында 8-тармақтың екінші жаңа жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда: бірінші және екінші топтағы мүгедек адамға күтімді жүзеге асыратын тұлғалар (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттарды берген жағдайда), 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды»;
21 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«21. Отбасының шектi жол берiлетiн шығыстарының үлесi отбасының жиынтық табысына қарай 10 % мөлшерiнде белгiленедi».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.