Меню

Страницы

Статья

Баспасөз мәлімдемесі

Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты жобасын жүзеге асыруда.
Жоба мақсаты - азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды, жергілікті билік пен жергілікті қауымдастықтарды жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға тарту және ынталандыру. Жоба Қазақстанның 8 облысында (Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстары) жүзеге асырылуда.
Аталған жоба аясында 8 мақсатты облыстардың жергілікті қоғамдастық мүшелері мен басқа да белсенді азаматтары шешім қабылдау процессіне қалай қатысуға болады, сонымен қатар, жергілікті бюджетті жоспарлау және басқару, әлеуметтік жобалау, қоғамдық бақылау жүргізу және жоба жазу бойынша білімдерін шыңдап, шағын грант бағыттары мен ережелері талқыланды.
Қазіргі таңда, шағын гранттар байқауы өткізіліп, оның қорытындысы бойынша 20 жеңімпаз әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға кірісті.
2021 жылдың 05 тамызында Zoom платформасы арқылы ҚАҚ «АБҚО» өкілі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі, ауыл әкімдері, журналистер, жоба сарапшылары және мақсатты облыстардың жергілікті координаторларының қатысуымен дөңгелек үстел аясында эксперттік кездесу өтеді. Аталған іс-шара барысында аймақтардағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері талқыланады, соның ішінде, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 ж. дейінгі жаңа тұжырымдамасы, жобаның аралық нәтижелері және мақсатты облыстардың 4 ауылының инклюзивті даму жоспарларын жасақтау сұрақтары талқыланатын болады.

Инклюзивное планирование развития сельских территорий

Концепция развития местного самоуправления в Республике Казахстан до 2025 года

Презентация

Текущее состояние развития МСУ в регионах

Дата публикации
17 августа 2021
Дата обновления
17 августа 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Шешім
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы