Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің әмбебап агенті- аз қамтылған отбасыларға көмек

«Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ Глубокое ауданының тұрғындарына 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Глубокое ауданының барлық пошта байланыс бөлімшелерінде «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің базасында «Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің әмбебап агенті» Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің әмбебап аймақтарын құру бойынша жобаны іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының ашылғанын хабарлайды. Бөлімшелердің қызметкерлері порталда онлайн режимінде электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетуге дайын https://egov.kz/ әлеуметтік қызметтер порталында тапсырысты рәсімдеу http://aleumet.egov.kz

          Қазіргі уақытта 2021 жылдың 2 тоқсанына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) тағайындауға өтініштер қабылдау жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың АӘК алуға құқығы бар (Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылғы 2-тоқсанға кедейлік шегі 24223 теңгені құрайды).

АӘК алушылар қатарындағы көмек тағайындау кезінде бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар отбасылар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерге тапсырыс беруді жүзеге асырады http://aleumet.egov.kz

Кепілдендірілген әлеуметтік покеттер тізіміне 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтықтары, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік жиынтықтары, 1 жастан 6 жасқа дейінгі тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кіреді.

Тапсырысты ресімдеу үшін қызметтерді алушы әлеуметтік қызметтер порталына авторизациялайды, қызметтерді ұсынғаны үшін жеткізушіге кепілдік берілген соманы өтеу туралы өтінішпен бір мезгілде қол қоя отырып, жеке электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жария шартқа қол қояды. Тапсырысты растамас бұрын міндетті түрде тексеріңіз: тауарды жеткізу мекен-жайы және байланыс телефоны.

          Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтаманы «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі-ЭЦҚ) арқылы сілтеме бойынша алуға боладыhttps://egov.kz/cms/ru/categories/family_support

          Мамандардың кеңесін мына мекенжай бойынша алуға болады: Глубокое кенті, Пирогова көшесі 6, анықтама үшін телефон: 8(72331) 2-12-46 және 2-15-73.  Қабылдау күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Дата публикации
01 июня 2021
Дата обновления
01 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Шешім
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы