«Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Глубокое ауданының тұрғындарына 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Глубокое ауданының барлық пошта байланыс бөлімшелерінде «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің базасында «Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің әмбебап агенті» Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша өзіне-өзі қызмет көрсетудің әмбебап аймақтарын құру бойынша жобаны іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының ашылғанын хабарлайды. Бөлімшелердің қызметкерлері порталда онлайн режимінде электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетуге дайын https://egov.kz/ әлеуметтік қызметтер порталында тапсырысты рәсімдеу http://aleumet.egov.kz
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі-ОЖБ)сәйкес мүгедектік тобы бар адамдарды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады http://aleumet.egov.kz
ОЖБ ұсынған ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің қызметтеріне, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ компенсаторлық (қосалқы) құралдардың (протездік-ортопедиялық құралдар, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар), міндетті гигиеналық құралдар, санаторий-курорттық емдеу) барлық түрлеріне құжаттарды ресімдеуге өтініш тікелей тіркелген жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, электрондық үкімет порталы арқылы https://egov.kz/cms/ru/categories/disabled_persons, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.
Жеткізушіні таңдауды және тапсырысты ресімдеуді жүзеге асыру үшін қызметтерді алушы (не оның ресми қамқоршысы) әлеуметтік қызметтер порталында авторизацияланады, жеке электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жария шартқа қол қояды, сонымен бірге жеткізушіге қызмет көрсеткені үшін кепілдендірілген соманы өтеу туралы өтінішке қол қояды.
Тауарға немесе қызметке тапсырыс беру кезінде ерекше назар аударуыңызды сұраймыз:
Егер таңдалған тауар немесе қызмет мемлекет кепілдік берген құннан асып кетсе, тапсырыс беруші айырманы өз бетінше төлейді.
Таңдалған тауардың дайындалған күнін, пайдалану (сақтау) мерзімін, дайындаушыны (егер ескертпе болса), техникалық параметрлерді (мысалы: жүріп-тұру құралдарына) тексеріңіз.
Санаторий орналасқан жерде санаторий-курорттық емделуге тапсырыс беру кезінде емдеу шарттары. Санаторий-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу көрсетілетін қызметті алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жолдама күнтізбелік жылда бір реттен артық емес, күнтізбелік 14 күннен аспайтын мерзімге беріледі.
Тапсырысты растамас бұрын міндетті түрде тексеріңіз: тауарды жеткізу мекен-жайы және байланыс телефоны.
Мамандардың кеңесін мына мекенжай бойынша алуға болады: Глубокое кенті, Пирогова көшесі 6, анықтама үшін телефон: 8(72331) 2-12-46 және 2-15-73. Қабылдау күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.