Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің әмбебап агенті- жұмыс іздеушілерге көмек

«Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ Глубокое ауданы тұрғындарының қазіргі уақытта  жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  мемлекеттік қызметтерді өз ауылдарынан шықпай-ақ egov.kz порталында онлайн режимінде алу мүмкіндіктері  барын  хабардар етеді.

Қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап «Мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің әмбебап агенті» жобасы аясында Глубокое ауданының барлық пошта бөлімшелерінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылды. Бөлім қызметкерлері жұмыс іздеушілерге электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетуге дайын, мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері ұсынылады: жұмыссыз туралы анықтама алу, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде өтініш беру, жұмысқа жолдама алу, әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы, оқыту, ақылы қоғамдық жұмыстар, өз еркімен қоныс аудару.             Сонымен қоса біз Сізге мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстарға BC1, CC1 санатындағы жүргізушілер, маникюр, шаштараз, тігінші, аспаз, сату бойынша кеңесші, шыны талшық құрылымдарын шығаратын қондырғылар операторы, есепші, автомобильдерді және автоэлектриктерді жөндеу жөніндегі слесарь. Оқуға жұмыссыз азаматтар жіберіледі, оларға ай сайын 21 787 теңге көлемінде жәрдемақы және 14 585 теңге көлемінде тұру ақысы, сонымен қатар 11 668 көлемінде жол жүрудің бір реттік төлемі және медициналық тексеруге 5834 теңге  төленеді.              Мамандардың кеңесін мына мекен-жайдан алуға болады: Глубокое кенті Пирогов көшесі 6 үй, анықтама телефондары: 8 (72331) 23752, 23736. Қабылдау күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 17.30-ға үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Дата публикации
01 июня 2021
Дата обновления
01 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
13 октября 2026
Шешім
13 октября 2026
ҚР Президентінің Жарлығы
13 октября 2026
Мәслихаттар депутаттарының сайлауы - 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы